Өлең, жыр, ақындар

Қазақстдандағы көлік ахуалы

Қазіргі таңда көліктің орны ерекше, астыңда көлігің болса көзді ашып жұмғанша көздеген жеріңе жетіп тұрсың. Бұл көліктің жақсы жағы, дегенменде таяқтың екі ұшы бар сияқты оның да машақаты көп. Көліктің нарықтағы бағасының тұрақсыздығы, шетелдік нөмірлерге шектеу қойылуы, кенеттен жанармай бағасының күрт өсіп жүргізушілерді әуре сарсаңға салуы, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы сол сияқты тағысын тағы мәселелердің көбеюі. Ал отандық автокөлік экпорттап шығармау деген мәселе ол бөлек әңгіме. Тіпті оның ауылы әлі алыс сияқты. Қазақстандағы автокөліктерге қарағанда көрші мемлекеттерде, шетелдерде көлік арзан, соның басты себебінен жерлестеріміз шекара асып Ресей, Армения, Грузия, Өзбекстан сынды мемлекеттерден әкеліп тіпті арасында заңсыз көлік тасылмалап жүріп оны саудаға айналдырып жатқандарды кездестіруге болады. Кедей бай, бай құдай болсам дегендей ескі көліктің иесі жаңа, жаңа көлік иесі vip нөмір мен қоса қымбат данасы аз таралған вренд автокөліктерге қарай ұмтылады. Статистика бойынша vip нөмірге Алматы қаласы - 5037 Шымкент - 2376 Астана - 1265 адам 2020 жылдың қорытындысы бойынша тапсырыс берген екен. Біздің елде көлік жөндеу орталықтарына барсаң ескі көліктерін жамап биылға шыдап қыстан аман есен шықсам екен деген ниетпен айдап жүрген жүргізушілерді байқайсың. Ал соңғы үлгідегі су жаңа автокөліктерді блогерлер гивке ойнатып жатқанын көргенде ішім ашиды. Жоқ мен оларды көре алмағандықтан емес соншалықты тойып секіргендігіне, және мұқтаж жандарға бұйырсын деп тұрып аш қасқырдай аузын айға қаратып ұлитын жандар көбейді. Жақында ресейлік блогер Михаил Литвин қателеспесем 90 млн теңгелік Мерседес автокөлігін отқа орағанын көрген шығарсыздар. Мейлі өртей берсін, бірақ мына біздің нақұрыстар соған еліктеп контент қоямыз деп әкесінің ақшасына алған көлігін өртегендер болды. Жағдайы Литвиндікіндей асып тасып жатқан ештеңесі жоқ бірақ оны өлтіріп бара жатқан хайп деген бәле шығар. Жаңағы қыстан аман есен шықсақ деген жүргізушілердің жақсылап тұрып қарғысына қалған шығар өзінде. Негізі қазіргі кезде көлікті ер адамның тоқалы деген әңгіме шығып кетті. Неге десеңіз Оған барлық ақшасын құяды. Қыстық жаздық аяқ киімін ауыстырады. Жуындырады, былайша айтқанда күтімін жасайды. Әрине көлікке жақсылап қарасаң оңды солдыға ұрындырмай, қарасаң олда сені барар жеріңе уақытылы жеткізіп отырады. Қыстың қақаған аязында ішінде пешкісімен жылытады. Сондықтан арзан көлік болсын қымбат болсын үдесінен шығып күтім жасап жақсы көріп айдасаң, олда сені жолда тастамайды. Көліктеріңіз астыларыңызда тозсын. 

Тұран университеті

Мұсабек Қошаев


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз