Өлең, жыр, ақындар

Ұлт тазалығын сақтау және ұлтаралық некелер. Қай жаста үйленген дұрыс?

Қазақ халқының байырғы заманнан бастап келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі – жеті атаға дейінгі жанмен неке құруға тыйым салу. Бұл дәстүр Кеңес үкіметінің заманында да, қазіргі заманда да сақталып келеді. Қазіргі қазақ жастары өзінің туысқанына үйлену жайлы ойына да алмайды. Себебі, бұл - олардың қандарына өте қатты сіңісіп кеткен әдет-ғұрыптардың бірі. Туысқандар үйленсе, олардың балалары ауру немесе толыққанды емес болып туылады деген сыбыстар баршылық.

Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының арасында қыздардың стандартты тұрмысқа шығу уақыты – 17-19 жас аралығы, ал ер адамдардікі – 20-25 жас аралығы болып табылады. Енді қала тұрғындарына келетін болсақ... Олар үшін қыз балалардың стандартты тұрмысқа шығу уақыты – 20-25 жас аралығы, ал ер адамдар үшін – 23-27 жас аралығы болып саналады екен. Ауыл тұрғындары неліктен жастардың ерте үй болғанын қалайды? Өйткені, олар өздерінің немерелерін, сонымен бірге шөберелерін көріп өткісі келеді. Ал қала адамдары, керісінше, жастардың білім алып, өз ісінің маманы болғанын қалайды. Бұл, әсіресе, ер жігіттерге байланысты. Үлкендердің кеңесі бойынша, ер азамат үйленуге ертерек дайындалып, өз жағдайын ыңғайластыра бастау керек екен.

Халқымыздың арасында мынадай дағды қалыптасқан. Ер азамат басқа ұлттың қызын алса, жақсы. Алайда, қыз баласына басқа ұлттың ер адамына тұрмысқа шығуға кеңес бермейді. Себебі, жас келіншек белгілі бір ұлттың отбасына келін болып түскенде, сол отбасының тегін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, кей жағдайда дінін қабылдайды. Және осылайша ол сол отбасының, сол ұлттың ұрпағын жалғастырады. Әрине, әрбір ұлт үшін, олардың адам саны көбеюі және де отбасының кеңеюі жақсы. Ұлтаралық некелер қазіргі заманнан қарағанда, Кеңес үкіметінің кезінде көбірек болған деседі.

Жалпы айтқанда, отбасылы болғанда да өзіміздің ұлттығымызды жоғалтпай, қазақилығымызды насихаттап жүрейік.

Айару Дәулет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз