Қазіргі уақытта актерлық шеберлігімен таныла білген кез келген адамның киноға түсіп, танымалдылыққа ие болуына мүмкіндік өте көп. Киноға түскеннен бөлек, шоу-бизнес тұлғалары киноны түсіріп жарысуда.
Оқыған мамандығы актерлік шеберлікке сәйкес келмесе де, ондай тұлғалардың еліміздің танымал фильм, сериалдарының көшін бастап тұрғанын жиі байқаймыз.
Осы тұста театр және кино әлемінің нағыз майталмандары «Біздің орнымызға бәрі актер. Бірнеше жылымызды бұл мамандыққа бекер арнаған жоқпыз. Актер емес, әншілердің актер болып кеткеніне іштей қынжыламыз»-деген пікірлерін де білдіріп жатады.
Қанша шебер болса да, білім болмағандықтан, өз рөлін нағыз актерлердей алып шығатындар жоқтың қасы.
Дегенмен, болам деген баланың бетін қақпаймыз, ел, кино режиссерлері сол әншіні актер ретінде көргісі келсе, біз қарсы шыға алмаймыз. Ондай жағдайда өзін нағыз актер деп санайтындар іс жөнінде дәлелдесе, ең дұрысы сол болар ма еді.
Қазір дипломға емес, шеберлікке қарайтын заман. Кей әншілердің туа біткен таланты актерлік болса, оған қарсы шығуға бізде құқық жоқ. Қазір - мықтылар өзін дәлелдейтін заман.
Ең бастысы, қазақ киносы дами берсін.
Сәттілік пен биік-биік белестер тілейміз!
Садуахосова Айжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі