Қазірде заман ағымына ілесіп шыққан әндер хит тізбегінің көшін бастап тұр. Алайда, тыңдарманның барлығы ол әндерді ресми платформадан сатып алып тыңдайды ма? Мәселе осында. Біз кез келген өнерді, туындыны сатып алу арқылы бағалай аламыз. Дәл сол сияқты әрбір әнді де сатып алуға арналған арнайы музыкалық платформалар бар. Ал бір әннің бағасы 129 теңгеден кем болмаса, асып түспейді. Соған қарамастан, көпшілік жаңа шыққан әнді телеграм, вк секілді тегін платформалардан тыңдауды доғарар емес. Оның үстіне, қазірде жастар сүйіп тыңдайтын, әндері хит болып жүрген әртістер туындысының сөзін де, әнін де өздері жазады. Міне, сондықтан да, өнер бағалануы керек. Дегенмен, әртістер сатып алынған әндер арқылы үлкен табысқа кенелмейді, тек, өзіне тиесілі шағын пайызын алып отырады. Шетелдік өнер индустриясында бұл жұмыс жақсы табыс әкелетіндей деңгейде дамыған. Біздің елде әлі де даму үстінде.
Ал әншілер жаңа шыққан әнді ресми платформаларға жүктеу үшін, 2 апта бұрын әнді шығаруға өтініш қалдырады. Өтініштен кейін, әннің мәтіні, авторы-сынды ақпараттар толтырылып, келіссез жүргізілу арқылы, 10-17 күн ішінде ән ресми жарияланады. Ән жарық көрген соң, әншінің командасы немесе музыкалық компания ол әртістің туындысын әлеуметтік желілерде дамытумен айналысады. Яғни, ютуб, инстаграм, твиттер, ТикТок, телеграм, вк желілерінде әртүрлі контент жасап, жанкүйерлерге қызықты материал ұсынады. Әлеуметтік желідегі маркетингіден бөлек, әртүрлі іс-шараларға байланысты келіссөз жүргізіп, әртістің 1 айлық немесе 1 жылдық жоспарын да бірден құрып тастайды. Бұл міндеті әртістің де жұмысын жеңілдетіп, әр күнінде қандай ісі бар екенін қарап отырады.
Қорытындылай келе, кез келген өнерді өз бағасына лайық бағалай білейік дегім келеді.
Садуахосова Айжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі