Өлең, жыр, ақындар

Арыстан буйволдардан ағашқа өрмелеп құтылды

Масаи-мара қорығында екі турист пен олардың гиді жайылымдағы жануарларды бақылау барысында  қызыққа тап болды. Аңдар патшасының соншалықты қорланатынын кім білген. 

Арыстан қасында ата-анасы қарайлап жүрген жаңа туылған торпақты бас салмақшы болады. Оны көрген буйволдар лезде тойтарыс беріп, жыртқышты қорқытқандары соншалық, арыстан өзі құрбан болмай жанын сақтап қалу үшін ағашқа өрмелеп құтылады.

Daily Mail фото авторларының айтуы бойынша, буйволдар мұнымен қоймай арыстан ілінген ағашты айналшықтап жүрген. 

Тап сол кезде өзінің салмағының ауырлығынан арыстан ағаш діңінен төменге жылжып түсе бастайды. Амалы қалмаған арыстан төменге секіріп бұталарға қарай ентелей жөнеледі.

Буйволдар болса жайылымдарын жалғастыра береді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Роза

Кім болсаң да жан тәтті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар