Өлең, жыр, ақындар

Педагог тапшы өңірлерге барған мамандардың айлығы басқа коэффицентпен есептеледі

Педагог тапшы өңірлерге барған мамандарға пәтер жалдау және коммуналдық шығындар бойынша өтем беріледі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.

«Мұғалімдер жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. Өңірлердегі педагогтердің тапшылығы және білім беру саласындағы үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілді», - деген министр педагог тапшы өңірлерге ең үздік түлектер тарту үшін ынталандыру шаралары қарастырылғанын айтты.

«Осы педагогтерге арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффицент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызметтер төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі өткен Мәжілістің жалпы отырысында мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынған болатын.

«Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», - дедген еді Президент.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер