Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ауқымды өзгерістер

1000 жыл бұрын: Мексикада Юкатан штаты аймағында орын алған қатты құрғақшылық Майя мәдениетінің жойылуына әкеп соқтырды.

1709 жылы — Көмір алғаш рет өнеркәсіпте қолданысқа енді.

1807 жылы — Тас көмірінен алынған газ (коксті газы) көше шамдарын жарықтандыру мақсатымен қолданыла басталды.

1847 жылы — Алғаш Мұнайды зерттеу жұмыстары Әзірбайжанның Баку қаласында басталды.

1856 жылы — Алғаш Мұнай өңдеу заводы Польшаның Ясло қаласына жақын Улошовицеде іске қосылды.

1879 жылы — Алғаш электр лампасы АҚШ-та Эдисон тарапынан жағылды.

1885 жылы — Германияда Карл Бенз есімді инженер бензинмен жүретін 3 дөңгелекті автомобилін (Трицикл) халыққа ұсынды.

1931 жылы — 3 жылдық құрғақшылықтан кейін Қытайда айларға созылған жаңбырдың нәтижесінде Янцзы өзені 29 м көтерілді және 3,7 миллион адам қаза тапты.

1970 жылы — 20-шы ғасырдың ең күшті дауылы Бангладеште болып, елдің басым бөлігі 7,5 м су астында қалды. 500 мыңға жуық адам өлді.

1991 жылы — Филиппин аралындағы Пинатубо жанартауынан шыққан шаң мен түтін температураның ғаламдық деңгейде 2 градусқа азаюына себеп болды.

2005 жылы — Катрина дауылында АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласында 1836 адам қаза тапты және жаһандық жылыну сол жылы ең үлкен деңгейге жетті.

2006 жылы — Гренландия аралындағы мұздардың еруі күрт артты.

2011 жылы — Құрғақшылық салдарынан Сомали, Эфиопия және Эритрея сияқты елдерде болған аштық салдарынан үлкен шығындар орын алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айсұлтан

Сайттарыңызда Қызықты деректер көп екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз