Соңғы кездері өскелең ұрпақ арасында түрлі энергетикалық сусындар танымал болуда. Айналаңа карасаң, серуендеп келе жатқан жастардың, емтиханға дайындалып жатқан студенттердің қолдарында күш-қуат беретін сусын толы құтыны көруге болады.
Ал сусын өндірушілері қалтаңыз көтерсе, шөліңді әп сәтте қандыратын тәтті судың түр-түрін ұсынуға дайын болса, дүкен сөрелері сатуға асық. Сыртқы қаптамаға назар аударсақ, сусынның орташа бір құтысы күш-қуат беріп, ұйқышылдықтан арылтады деп кепілдік береді. Бірақ энергетикалық сусындардың қаншалықты қауіпті екендігін және алкоголь сияқты тәуелділікті тудыратынын көбі түсіне бермейді. Ендігі жерде өзіңізге бір ғана сұрақ қойыңыз — «екі сағаттық энергия үшін денсаулығыңызды құрбан етуге дайынсыз ба?»
Алдымен энергетикалық сусын ұғымын қарастырайық. Халық арасында «энергетик» аталып кеткен өнім — ағза жұмысын арттыруға бағытталған алкогольсіз сусын. Қатты газдалған сусынның негізгі мақсаты — ағзаңызға уақытша қуат беру, алайда бұл қуатты қарызға алғанмен бірдей екендігін ұмытпаған жөн. Сусынның күші басылған соң, ағзаңыз міндетті түрде екі есе жұмыс істегені үшін денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.
Қуаттандыратын сусынды тұтынбас бұрын, бір нәрсені ойыңыздан шығармаңыз!
Энергетикалық сусындар — қосымша энергия көзі емес. Тәтті су ағзаға түскен кезде бойыңыздағы энергияны жинап, сол мезетте сізге қуат сыйлайды.
Біріншіден, бір уақытта сусынның бір құтыдан артығын тұтынбаңыз. Екіншіден, энергетикалық сусындар кәмелет жасқа толмағандарға тыйым салынған.
Газдалған тәтті сусындар сергектік пен мидың белсенділігін арттырады. Кез келген энергетикалық сусынның құрамы әдетте таурин мен кофеин негізінде жасалады, бірақ оның көп бөлігі сахароза немесе глюкозадан тұрады.
Сусын құрамындағы кофеин мөлшері күніне 6-7 кесе кофеге тең, ал тәулігіне ең көп дегенде 5 кесе кофе тұтынуға болады.
Таурин жүрек бұлшықетінің әрекетіне әсер етсе, глюкоза мен сахарозаның көп мөлшері қант диабетінің, асқазан-ішек жолдар ауруларының даму қаупін арттырады.
Ағзаңыз қаншалықты қиналатынын түсініп тұрмысыз?
Мамандар денсаулыққа қауіпсіз энергетикалық сусын жоқ деп сенімді түрде айтып отыр. Әрине, ағзаңыз екі есе күш жұмсауға мәжбүр болса, денсаулыққа одан не пайда? Сусындарда қанттың көп мөлшері және қуаттандыратын зиянды дозалар бар, бұл жүрек проблемаларына, қан қысымының жоғарылауына және депрессияға әкелуі мүмкін.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда қуаттағыш сусынның тәулігіне 30 мың литрі тұтынылады. Ал бұл көрсеткішті азайту сіз бен біздің қолымызда.
Әлі де энергетикалық сусын ішкіңіз келе ме?
Асемай Макуова
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі