Ахмет Байтұрсыновтың публицистикалық қыры

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Ахмет Байтұрсыновтың публицистикалық қыры

Ахмет Байтұрсыновтың публицистикалық қыры — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Ахмет Байтұрсынов, Публицистика, "Қазақ" газеті. — осы тақырыптарға байланысты.

Ахмет Байтұрсынов 20 ғасырдың басындағы ұлт – азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ халықының тіл білімі мен  әдебиет ғылымдарының негізін салушысы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі, публицист, қазақтың ұлт зиялысы. Қазақ халқының отаршылдық саясатынан құтқарып, қараңғы халықтың сауатын ашып, тәуелсіз ел болуға ұмтылдырған осы Ахмет Байтұрсынов болатын. Ол өзінің жазған өлеңдерінде Патшалық Ресейдің қанаушылық – отаршылдық саясатын, байлардың алдында құрдай жорғалаған шенеуніктердің опасыздығын сынға алып отырды.

Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін Ахмет Байтұрсынов қолға алып, жетілдірген болатын. Ахмет Байтұрсыновты  публицистикалық жағынан қарайтын болсақ, әр түрлі жанрда сыр шерткен. Оның газет беттеріне сыни мақалалары, хаттары және қоғамдық мәселелерді көтерген проблемалық мақалалары жарияланып отырған. Ендігі кезекте оның публицистикалық ерекшеліктері туралы айтып өтейік. Біріншіден, өзіндік  авторлық ұстанымы бар. Екіншіден, ойды үдетпелі түрде беріп, бір бағытта жылжыта отырып, индукция тәсілімен ой толғайды. Үшіншіден, фразеологизмдердің мол қолданысы. Газет материалдарында халықтың қоғамдық - әлеуметтік мәселелерін көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынады. Дамудың негізгі бағыттарын анықтап, оны халыққа түсінікті тілмен жеткізіп отырды. Және ең соңғысы газет халық тіліне жақын болуын талап етті. Халықтың қамы үшін жазылған нәрсе халыққа жақын болуы керек деп түсінген. Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының жағдайына қатты алаңдады. Шын ниетпен қазақ халқының ұлт болып сақталуына әрі болашағының жарқын болуына көмек көрсетті. Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатұлы редактор болған "Қазақ" газетінің де алатын орны ерекше. Қазақтың қамын ойлап, "демократия" ұғымын биікке көтерген басылымдардың бірі болды. Ахмет Байтұрсынов туралы және оның публицистикалық қырын арнайы  зерттеген мақалалар, еңбектер бар (Сыздықова Р, Мажитаева Ш., Ерназарова Г., т.б.).

Ахмет Байтұрсынов -  қазақ мемлекетінің қалыптасуында елеулі орын алатын ұлы тұлға.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ахмет Байтұрсыновтың публицистикалық қыры деген не?

Бұл бетте Ахмет Байтұрсыновтың публицистикалық қыры тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ахмет Байтұрсыновтың публицистикалық қыры материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Ахмет Байтұрсынов тақырыбындағы материалдар Публицистика тақырыбындағы материалдар "Қазақ" газеті. тақырыбындағы материалдар Aitmoldanova_aruzhan жариялаған басқа материалдар