Міржақыптың "Жастарға" үндеуі — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.
Материал — Міржақып Дулатов — осы тақырыптарға байланысты.
Қазақ елінің қамын ойлап, халқына үндеу тастайтын батыл Алаш зиялыларының бірі - Міржақып Дулатов. Қайраткер өзгерісті тек жаңа толқын алып келетінін білген. Сол себепті, 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Міржақып:
"Найзаменен түртсе де,
Жатырмын, қазақ, оянбай." - деп отаршылдық езгінің сипатын найзаға теңейді.
"Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?"-деп халқының төзімділігіне қайран болса да, бұл үнсіздікке налығанын айтады.
"Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай," деген жолдар Міржақып жастарға үміт артып, үлкен өзгерістер күтетінін аңғартқандай.
Ал: "Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?"- деп проблеманы ортаға шығару, айту керек дегенді айтқысы келген. Әрине, ащы шындықтың жолы да тайғақ. Бірақ , Міржақып жас толқынның жанып тұрған жалыны мен ширақтығын анық көрген.
Бұл буынның күші жаңашылдыққа бастар деп:
"Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп." деген.
"Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?"- деп қазақ жастарынын бір отар қойды бастаған серкедей , алға тартар көшбасшы болуға үндеген.
Алаш ұлы Міржақып Дулатовтың батылдығы, көрегендігі мен парасаты бұл үндеуден көрініп тұрғаны анық дер едім.
Калимуратова Аяна Асылханқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті
Бұл бетте Міржақыптың "Жастарға" үндеуі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Міржақыптың "Жастарға" үндеуі материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі