Өлең, жыр, ақындар

Бай. Орташа. Кедей

Камалға хат

Қадірлі Камал!

Соңғы хатыңды («Қазір ашу емес, ақыл қажет», «Егемен Қазақстан», 17. 10. 1997 ж.) оқыдым. Маған арнайы айтқан қыршаңқылау сөздерін бар екен. Бірақ қазір ол жайында әңгіме қозғамаймын. Салғыласып жату бізге жараспас.

«Бұл ән — бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім қажы айтқандай, саған арнаған бұл хатымның өңі өзгешелеу болса керек. Себебі — бұл екі арада үлкен оқиға болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбайдың халыққа Жолдауы жарияланды.

Бұл Жолдауға көпшілік баспасөз, басқа да ақпарат құралдары құнжындаса қол соғып, шешелері ұл тапқандай қуанып жатыр.

Мен де... қол сотамын. Бірақ алақаным қызарғанша емес.

Қол соғатыным: Президент бұл ретте мына шым-шытырық жер бетінен жоғары көтеріліп, қыран биігінен төменге көз салып, тіршілік келбетін түгелге жуық шолған сияқты.

Ақ Орда қанша еңселі болғанмен, оның биігінен Қазақстан сияқты улы мемлекетті түкпір-түкпіріне дейін көріп-біліп отыру қиын да шығар.

Қазақстан Республикасының кешегісі,қазіргісі, алыс-жақын келешегі бұл Жолдауда түгел қамтылғандай. «Қамтылған» демей, «қамтылғандай» деуімнің себебі бар. Отан кейінірек тоқталамын.

Камал, біз екеуміз «Егемен Қазақстан» бетінде хат жазысқалы бір жарым жыл болыпты. Сонда бұл еріккеннің ермегі емес қой. Сенің әрбір хатыңа жауап жазып, уақыт кетіріп, қиналғанша, бір көркем әңгіме жазсам, әрине, ез басыма тиімдірек болар еді. Ал бірақ мына хаттар дәл бүгін халыққа қажет екеніне кезім жете бастады. Отан редакцияға оқырмандардан келіп түсіп жатқан ондаған, жүздеген пікірлер куә. Кейбіреулері осы газеттің бетінде жарияланып та жатыр.

Олар бізді қолдайды, қуаттайды, растайды. Демек еңбегіміз еш кетпегені.

Ал енді осы хаттар қыран биігіне көтеріліп, Қазақстан атты алып мемлекеттің бейнесіне көз салып, халыққа Жолдау жіберіп отырған Президенттің қанатына қауырсын қосты ма, жоқ па?

Меніңше, қосқан сияқты. Бұл құр мақтан емес. Көзі ашық, көкірегі ояу оқырман бәрін көріп-біліп отыр. Мен оз батамызды арттырудан аулақпын. Бірақ оқырман сын көзімен қарағанда сондай.

Басқаның бәрін қойғанда, Президент бұл Жолдауында елімізде дәл қазір белең алып отырған келеңсіз жайттарға көбірек көңіл бөледі. Әсіресе «коррупция» деген сөзді жиі қайталайды. Осы бір зұлымдықпен аяусыз күрес туралы ашық айтады.

Біз «коррупцияны» — «сыбайлас жемқорлық» деп аударып жүрміз. Бұл өзі латын сөзі. Яғни, бұл пәле көне заманда да болғаны ғой. Яғни, жай «сыбайлас жемқорлық» емес, коғам және саяси қайраткерлердің, сондай-ақ мемлекеттік небір жебір

шенеуніктердің, қызмет басындағылардың халыққа жасаған сатқындығы, алтын көрсе жолдан таятындығы.

Міне, жас мемлекеттің тәуелсіздігіне алдымен қауіп төндіретін залалкестер осылар.

Біз өз хаттарымызда мұны жазбап па едік. Талай жаздық. Бірақ бұрынғы Үкімет үндеген жоқ. Жала! — деп бізді жазғырып, сотқа да берген жоқ.

«Васька слушает да есть» деген орыс мақалының жолымен жүре берді. Мысыққа қанша айтсаң да, тыңдайды да жей береді дегені ғой.

Ақыры асқынған жара жарылғандай болды. Коррупциямен, парақорлықпен, ұрлық-қорлықпен пәрменді күрес туралы Президент Жолдауында қатаң ескертілді.

Камал, бұл жақсылықтың нышаны. Айтылған сөз — атылған оқ. Лайым да сол оқ нысанасына дәл тиген.

Осыдан кейін қоғам денесі құлғана-мерезден арылатындай көрінеді маған. Бұл — үміт. Ал үміт үзілсе — сол жаман. Бірақ Президент өз пәрменінің мүлтіксіз орындалуын қатаң қадағалайтын шытар деген сенім бар.

Біз екеуміз айта беретін «жырлардың» бірі — Ауыл мәселесі еді. Осы уақытқа дейін ауылдың өгей бала болып келгені рас. Бұдан кейін де бұл өгейлік бірден өзгеріп кетеріне күмән бар.

Президент айтады: ауыл проблемаларына ұдайы ерекше назар аудару керек дейді.

Әділ айтылған сөз. Әттең, осы сөз ертерек айтылғанда, ауыл қазіргідей халге ұшырамас еді. Бірақ үкімет басшылары Президентті алдап келген кез болды. Ауыл шаруашылығы тиімсіз, мал өсірудің шығыны көп. Одан да мал өнімдерін шетелдерден сатып алған тиімді деген «ақылмандар» табылды. Нәтижесінде мал басы адам айтқысыз құлдырады. Мыңдаған малшы жұмысынан айырылып сабылды.

Ал жер емген шаруа одан да бетер күйзелді. Өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бір трактор, бір комбайн сатып алу үшін бір жылты жиған-тергеніннің бәрін беруің керек. Сонда шаруа қайтіп күн көрер

Президенттің Жолдауынан кейін бұл өрескел қарама-қайшылық бір қисынға келсе керек.

Шаруаға не керек? Мемлекет тарапынан қомақты қолдау, яғни кең тұсау мерзімді несие керек. Бір аумақ шаруашылықтарды техникамен, жанар-жағар маймен, таза тұқыммен, тыңайтқышпен қамтамасыз етіп отыратын әлуетті (әлеуетті емес) орталық керек. Өнімді тиімді батамен сататын рынок табу керек.

Әйтпесе, өліп-өшіп өндірген жемісің ит жеп кеткендей арзан. Темір-терсек өлердей қымбат.

Бұл жолмен ауыл шаруашылығы жүз жылда да жөнделмейді.

Әрине, Президент айтқандай, бұл үшін Қазақстанның кұмға қайырлап қалған кемелерін теңіз толқыны тулап көтеруі керек. Ал ол теңіз толқыны — Қазақстанның қазына байлығы. Ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесе тана шалқиды.

Ал, Камал, сонымен біздің құрметті Президентіміз қыран биігінен 2030-шы жылды болжап көрді. Өткенді саралап, бүгінгіні бағалап, болашақты болжап отыру — нағыз мемлекет басшысына тән қасиет. Бұл тұрғыдан бәрі дұрыс. Бірақ, оу, ол қайда-а-а, деп ренжушілер де табылады. Әсіресе егде, картаң тартқандар арасынан. Шынында да ұзақ мерзім. Отыз үш жыл — Иисус Христостың жасы. Бір адамның орташа ғұмыры.

Алайда коғамның бір мәреге, бір бағдар-шыраққа көз қадағаны керек те. Бағытсыз, бағдарсыз кемемен теңізге шыққаннан құдай сақтасын. Сол бағдар шыраққа біз жетпесек, балаларымыз, немерелеріміз жетеді. Адамның басты мұраты — өз басының өмірі ғана емес, ең алдымен артына ұрпақ қалдыру емес пе. Баласыз адам — бақытсыз. Жұрттың көбі бала-бала деп шырылдап жүрген жоқ па?! Қарлығашты қарашы, балапандарына тыным таппай шарқ ұрып, шыбын-шіркей, жем тасиды.

Бала проблемасы — мемлекеттік тұрғыдан алғанда әсіресе біз үшін өте өзекті мәселе. Соңғы жылдары қала тұрмақ, ауылда да бала өсімі азайып кетті. Әрине, заманды тұрмыс билемей қоймайды. Ал тұрмыстың нашарлағаны жасырын емес.

Сан жағынан өскеніміз жақсы. Ал сапа жағынан ше? Нашар тұрмыстан дүниеге нашар бала келеді. Ол аурушаң, әлжуаз. Оның үстіне адам өзі қолдан жасаған экологиялық апаттардың бала тууына ғаламат залалын қосыңыз.

Шілдехана тойы азайды. Сәбилердің жиі шетінеуі қатерлі. Сонда 2030-жылы халқымыздың саны қанша болады? Жағдайдың жоқтығынан үй бола алмай бойдақ, кәрі бойдақ болып жүрген жігіттер мен қыздар қаншама.

Мұның бірсыпырасы Жолдауда жақсы-ақ айтылған. Ал бірақ бала тапқысы келмегендерге салық салу жөніндегі пікірге сақтықпен қараған жөн. Көпшілік жастар балалы болмайын деп жүрген жоқ. Мемлекет оларға әуелі жартымды жағдай жасасын. Жұмыс тауып берсін, еңбегіне қарай күнкөрісі болсын. Ал сонда да әдейі балалы болғысы келмесе, салық сондайларға салынсын. Сол салықтан түскен қаржы көп балалыларға берілсін.

Көп балалы отбасыларына Үкімет ең алдымен жағдай жасағаны абзал. Өйткені олар мұратты мезгілдің — 2030-жылдын белді азаматтарын тәрбиелеушілер. Өйтпесек, межелі жерге коғам кімдермен барады? Кейбір оқымысты сымақтар ойлап тапқан пробиркадан туған балалармен бара ма? Жаратушының құдіретінен тысқары туған бала қоғамды оңдыра ма?

Ғылымның дәлелдеуі бойынша, бала анасының құрсағында жатқан кезден бастап тәрбиеленеді. Ана қандай тамақ ішсе, сонымен коректенеді. Тіпті сөз сөйлеу мәнері сол кезден бастап анасынан жұтады. Атақты биші Айседора Дункан «анам маған екіқабат кезінде шампанды сіміре береді екен. Мен содан анамның құрсағында жатқан кездің өзінде-ақ билей бастасам керек», — деп жазған.

Казак әйелдері бұрын баласын тербетіп отырып бесік жырын неге айтқан? Ал бала соны құлағына сіңірген. Әрине, түсінбеген. Бірақ ұлттық негіз, сана, тіл, әуен, әуез сол бесіктегі кезден қалыптасқан.

Ал шыныдан туған балада осы қасиеттер бола ма, Камал?

Сондықтан бүгінгі баланы, яғни, 2030-жылғы азаматты біз балшықтан жасай алмаймыз.

Ендеше бір-ақ жол бар. Ол халықтың әл-ауқатын көтеру. Демек экономиканы көтеру. Ол ең алдымен дана басшылыққа, содан соң халықтың жаппай енбек сүйгіштігіне, ынтыға, ыждағатқа байланысты. Алдымен адал еңбекке байланысты. Еңбексіз оңай тапқан малменен шошаңдап шыққан байлар көпке бармайды. Арам ақша тұрлаусыз.

Өз жерінде бір түйір темірі жоқ Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур сияқтылар неге «Азия жолбарыстары» атанып отыр? Біріншіден, көреген басшылық. Екіншіден, жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қарлықтан адалдық. Үшіншіден, ұлттық мүддедегі ауызбірлік. Бәрінен де артығы — жанкешті еңбекқорлық.

Осы қасиеттер бізге дарығанда ғана біз Президент айтқан «Орталық Азия барысы» бола аламыз.

Әйтпесе бәрі бос сөз. Жемқор деген айыппен Оңтүстік Корея бұрынғы екі бірдей ел басқартындарды тұтқынға алды. Ал дәл сондай күдіктегі біздің бұрынғы Премьер-министрімізді Үкімет үйінен басына ақ құйып, сылап-сипап шығарып салдық.

Жемқорлықпен бұлай күреспес болар.

Өткен хатымда, Камал, әскерде де жемқорлық, парақорлық бар дегенді айтып едім. Айтып ауыз жиғанша, Қорғаныс министрлігіндегі екі бірдей бақандай-бақандай генералдары ар-мияның онсыз да аз несібесін жеп қойған деген айыпқа ұшырап отыр. Генералдар сөйткенде аудандағы военкомдарға не жорық! Әскерге шақырылған баласын алып қалу үшін әкесі малын сатып, пара беріп жатқан жоқ деп ойлайсың ба?

Әрбір жас азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Өзге емес, өз Отанымызды қорғау үшін. Отансүйер азаматты ұрлық-қарлық, парақорлық үлгісімен емес, басшылардан бастап, қатардағы қарапайым ата-ананың, мұғалімдердің адалдық, имандылық, адамгершілік, әділдік, шыншылдық үлгісімен тәрбиелеу керек. Әскердегі тәртіпсіздікті жою керек. Әскерде жүргенде ұрып өлтіріпті деген суық хабардың қарасы өшкенде тана адамдар военкомға пара беріп, баласын алып қалу әдетінен арылады.

«Баланы жастан» дейді халқымыз. Баланы ерлікке, батылдыққа, отансүйерлікке баулитын тәрбие бар ма қазір? Қазақ халқының бұл ретте сабақ болар неше алуан өнері, әдебиеті, фольклоры бар. Осы күні біздің теледидар балдырғанға арнап он бес минут ертек айтқанды да тыйды. Тыйым салынды. Міне, тәрбиенің түрі.

Болашақ Ер Төстіктер «Ер Төстік» ертетінін елінен шытады. Сол ертектің, халықтың ғасырлар бойы жасап, талай-талай ұрпақты тәрбиелеп келе жатқан ғажайып күш-қуат қайнарының көзін теледидардағы маргиналдар бітеп тастады.

Асфальтта туып, тас бесікте өскендер қазақтың ұлттық аса қымбат жәдігерлерін тұншықтырып жатыр.

Президент бала тәрбиесі, болашақ туралы өз Жолдамасында көп айтады. Бірақ осы мақсат жолында ұлттық нигилистер — масановтар орасан кедергі екеніне аса мән бермейтін сияқты.

Егер Жолдамада жалпы мәдениет туралы, оның ішінде ұлттық мәдениет туралы бір ауыз сөз айтылмаса — бұл да сол космополиттер идеясындағы маргинал-нигилистердің әсері болуы керек.

Камал, мен Қорқыттың қобызы туралы аса құнды аңызды бұрын да бір мақалада жазып едім. Біреу оқыды, біреу оқымады, сондықтан жолай айта кеткеннің артықшылығы жоқ сияқты.

Қорқыт бабаның қобызы сарнап тұрған кезде оған Ажал жолаған жоқ. Бұл өнердің, музыканың күші. Ал Қорқыт әлдеқалай сәл сәтке қалғып-мүлгіп кетіп еді, қобыздың құдіретті сарыны тоқтап қалды. Сол сәтте Қорқытты жылан шағып өлтірді.

Бұдан не тағылым шығады? Мәдениеті жоқ, өнері өлген елдің езі де рухани аштықтан өледі деген ұлы Ой жатыр.

Таяуда жарияланған («Егемен Қазақстан», 22-қазан, 1997 ж.) мақаласында дарынды жазушы, драматург Дулат Исабек те осы пікірді ашына айтқан.

Демек бұл көптің көкейінде, тамағына тығылып тұрған өксік.

Ал енді алысқа бармай-ақ өзіңнің соңғы хатың жарияланған («Егемен Қазақстан», 17-қазан, 1997 ж.) газеттің келесі бетін ашып қарашы. Аукцион жарнамалары не айтады? Бір Сарыағаш ауданының өзінде ғана ондаған кітапхана үйлерінің аукционда сатылатынын айтады. Соншалықты не көрінді? Сарыағаш ауданы тұтас бір жаққа көше ме? Әлде сол елдің халқы кітап атаулыдан безді ме?

Жан-жағы қаусап жатқанда мектептің халі не болмақ? Президент әсіресе ауылдағы мектептерге баса көңіл бөлуді ескертеді. Лайым да солай болғай! Әйтпесе казіргі ауыл мектебі әупіріммен тұр ғой.

Мектеп — біле білгенге, — бәріміздің ұлы Анамыз емес пе. Ғарышкер де, Президент те, министрлер де, академиктер де, бизнесмендер де, банкирлер де — бәрі-бәрі сол мектептен шыққан. Ал енді сол есейіп, кейбірі есіріп, жетіліп, жетісіп жүрген жай-сандар өздерінің ұшқан ұясын ұмытып, Анасын жамаулы көне көйлекпен, қайыршы халінде қалдырғаны несі? Мұндай тауфихсыздық қай елде, қай қоғамда бар?

Ал осы мектептегі казіргі бірінші сыныптың баласы — 2030-шы жылдың кайраткері. Қазір ол ұяда не көреді, келесі ғасырдың отызыншы жылы соны алады.

Ал Президент бұл үш таптың үшеуі де қоғамға қажет дейді. Бірақ ақылға сыйымды өркениетті деңгей жағдайында дейді.

Бұл үшеуі де қоғамға қажет болған жағдайда Бай мен Кедей аңдысады да жүреді. Бұл жақсы емес. Онда қоғам сүттей ұйымайды. Сонда қайттік?

Асылы, тыныштық Орташада. Соған қол жеткізе аламыз ба?

Бұл Жолдауда үлкен бір мәселе — Көші-қон мәселесі ауызға ілінбей қалған сияқты. Оны біз айтып жүрміз. «Айта-айта «Алтайды», әнші апай қартайды» дегендей әлі де айта береміз.

Тілеуі дұрыс, көзқарасы оң Үкімет бұл проблеманы мемлекеттік дәрежеде шешіп, жеке министрлік ашып, түйінді түбегейлі тарқатар еді. Шетелдердегі отандастарды жинау керек. Ол үлкен демеу. Демография ойын емес, тағдырлы дүние.

Кедей бай болсам дейді. Болса болсын. Адал еңбегімен. Ұрлықпен емес.

Бай Құдай болсам дейді. Міне, осы жаман. Бұл нысапсыздық. Біздегі қазіргі дерттің үлкені осы.

Байлық жақсы. Карын тоқ, көйлек көк. Рақат. Бірақ көкорай шалғын өрістен тойып қайтқан сиырлардан да осы рақат шырайы сезіледі.

Адам сиырдан гөрі өзгерек. Оған Құдірет ақыл-ой және сезім берген. Рух берген. Рухы аш болса, шын сорлы сол.

Тым тақуа, дәруіш болудың бұл заманда жөні жоқ. Күнкөрісің жеткілікті болсын. Аса байлық адамды аздырады. Азған адам қоғамға қауіпті.

Қанағат қарын тойдырар. Қанағатсыз жалғыз атын сойдырар.

Адамның сиырдан таты бір айырмашылығы — арманшылдығы, мақсатшылдығы. Мақсатсыз өмір сүру — дүниеден көзіңді жұмып өтумен бірдей. Бірақ ол қандай арман, қандай мақсат? Күнімен тықыршып, түнде кімнің үйін тонаймын деу де мақсат.

Әттен, айлық қолға тисе, арақ алып ішер едім деу де аңсар, ол да арман.

Нағыз адамдағы арман мен мақсат басқа. Улы араның денесінен бал тамшылайды. Тікені ащы сояудан раушан гүлі жұпар шашады.

Демек бар рақат — табан ақы, маңдай терде.

Бізге үлкен ел болу үшін осы керек.

Бізге үлкен ел, ұлт болу үшін әр ру өз туын шошаңдата берсе — қайты. Көп ту Көк туды құлатады.

Мемлекет біреу. Ту біреу. Басқанын керегі жоқ.

Ал, Камал, Алла жар болып, ғұмыр берсе, 2030-жылы сен тоқсан сегізге келеді екенсің — Сол жасқа тоңқандамай, селкілдемей, қаусамай, аяқ-қолың аман-сау жеткейсің!

Шерхан МҰРТАЗА 28-қазан, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз