Ислам діні қазақ жеріне келгелі бері дініміздің өрісі кеңейіп, келер ұрпаққа үлгі-өнеге беретін құнды дүниелеріміздің мән-мағынасы ашылып, дін арқылы көкірек көкжиегіне түзіліп, бір арнаға түсіп, өз жолымен жалғасуда. Сол арнада сопылық жергілікті халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұмыс-тіршілік ерекшелігін өзіне сіңіріп, мұсылмандыққа сай негізде қайта жаңғырды. Сопылық жолының ерекшеліктері – қоғамдық қатынастардың белгілі бір ахуалында ислам догмаларының жерсінуіне мүмкіндік беретін рухани бейімделгіштігі.Осы сопылықтың негізін қалаған-Қожа Ахмет Йасауи бүкіл өмірін, бар күшін туысқан халықтарды біріктіруге сан алуан діни ағымдар аясында рухани бірлік құруға арнады.
Қожа Ахмет Йасауи дін қайраткері ғана емес, тамаша ақын, философ болған. Түркі әлеміне танымалдығы артқан тұлға Қожа Ахмет Йасауидің есімі әзірет сұлтан, ул-арифин, сұлтан ул-әулия т.б. құрметпен аталатыны белгілі. Бұл есімдерден тұлғаның қаншалықты сый-құрметке лайық екенін көреміз. Жалпы қазақ жеріне сопылық келгелі бері Қожа Ахмет Йасауидің қалдырған жазба мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Миратул қулуб» т.б. сияқты еңбектерінің мазмұнына терең бойлай алмаймыз, себебі белгілі дәрежелерде адами болмысымызды қалыптастырып, ішкі жай-күйімізді толықтырып, тыныштандыруымыз керек болып табылады. Иасауи ілімінің мақсаты – рух тазалығы. “Мират-ул Қулубта” да “көңіл көзін ашу” басты мәселе ретінде қаралады. Ондағы толып жатқан сопылық дүниетанымдық категориялар – Иасауидің сопылық философиясын тұжырымдаудың негізгі элементтері. Сопылықта, тариқаттың негізгі принциптері мен қағидаларының басты шарттары шайхтық, муридтік тұлғалық табиғаттың мәндік анықтамалары өте құнды талдауларға негізделген. Сопылық әдебиеттерде кеңінен таралған Мұхамедтің нұры, умм-ул аруах рухтың тегі категориялары Иасауидің сопылық философиясының онтологиялық теориялық негізін көрсетеді. Адам рухының жоғарғы сапалық әрі тазалық категориясы – таза жүрек “қалб-и салимнің” дәрежелік өсу сатылары – “дариялар” өте анық, түсінікті айшықталған. Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен қағидалары методикалық-теориялық деңгейде түсіндірілген. Адамның құдайлық ақиқатқа жетудегі мәртебелік жүйелері де сопылық құндылықтар арқылы қарапайым тілдік ерекшеліктермен берілген. Бұл еңбектегі “йақин” – түсінігінің жүйеленуі жағынан басқа сопылық мәдениеттерде кездесе бермейтін классификация екендігін көруге болады.
Иасауидің көзқарасы бойынша, Хақиқат жолында шайх болу үшін жетпіс мақамнан асу, жетпіс мың пердені ашу, Хз.Пайғамбардың (с.ғ.с.) көргендерін көру шарт. Ал, егер (бірі) осы, хақиқат бөлімінде айтылған жетпіс мақамнан аспай, жетпіс мың пердені ашпай тұрып, Хз.Пайғамбардың (с.ғ.с.) көргендерін көрместен “Мен Хаққа қауыштым” дейтін болса, өзі де, сөзі де жалған, нағыз Хақтың дұшпаны болғаны. Осындай дінбұзарларға (мубтади) пір екен деп қызмет ететін болса, ондайлар кәпір, малғұн болады. Ондайлардың істегендерін ғылым орнына қойып, дінбұзарлық әрекеттерін сүннет санап һалал көру, бұлардың барлығы шариғатта күпірлік, тариқатта теріске шығарылған, хақиқатқа сыймайтын істер болып саналады. Йасауи жолы – дін іші тұтастыққа және діндер арасы татулық пен толеранттылыққа шақырады. Бұл жолдың ұстанымдық негізі – шариғат, психотехникалық жүйесі – тариқат, танымдық негізі – мағрифат және ақиқаттан тұрады. Жалпы Йасауи ілімі – Қазақстандағы діншілдік қана емес, дінаралық татулық пен толеранттылықтың темірқазығы.
Какибаева М.Т. «Дінтану» мамандығының 4 курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми-жетекшісі: Борбасова Қ.М. филос.ғ.д, профессор Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі