Өлең, жыр, ақындар

Жат ағымға жастардың кіру себебі

Қазіргі таңда елімізде көптеген деструктивті діни жат ағымдар орын алып, өршуде. Міне осындай жат ағымдарға қазіргі жастарымыз көптен кіріп кетіп, зардаптарын шегуде. Бұл жат ағымға қалайша кіріп кеткендігін, олардың қалай алдын алу жолдарын айта кететін болсақ.

Жат ағымдар өте көп. Бұл жат ағымдар Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары, елімізге көптеп қаптап кіре бастады. Және де олар өздерінің сенімдерін қалыптастырып, қатарларын толтыру барысында, көптеген қазақ жастарының ойын, санасын улап, өздерінің сенімдеріне қосып, қатарларын көбейткен болатын. Ол кездері техника дамымаған заманда, бұл жат ағымдардың өкілдері өздерінің сенімдерін кітаптарға, журналдарға, мысалға айтатын болсақ(күнтізбенің артына, картиналардың арттарына)өздерінің сенімдерінің белгілерін, жарнамалап адамдарды қызықтыру барысында қитұрқы әрекеттерін жүзеге асырып отырған. Ал енді қазіргі техника дамыған заманда бұл жат ағымдардан біз сақтануымыз керек. Қазіргі жастар ұялы телефон ұстап кез келген сайттарға рұқсатсыз кіре береді. Соның кесірінен осындар ағымдардың парақшаларына ұшырап жатқаны бізге мәлім.

Жат ағымға кіру себептеріне тоқтала кетсек. Қазіргі қоғам жастарында діни білім өте нашар, олар тек мұсылманбыз, Ислам дінін ұстанамыз деп айтып қана жүреді. Шын мәнінде олар өздерінңң діндерін қалай келгендігін, қандай тәрбиеге үйрететінін білмейді. Міне осының кесірінен діни білім аз жастар жат ағымға тап болады. Олар өз бетінше діни білім алғысы келеді, бұлда өте қауіпті.

Деструктивті діни ағымдардың тағы бір әрекеті, не болмаса миссионерлік әрекеттерінің бірі ол, көмекке мұқтаж жандарға көмектесіп, сол мұқтаж жандардың сенімдеріне кіріп, ақырындап өз сенімдеріне кіргізеді. Жат ағым адамның санысын, сенімін адастырып қана қоймай, өз мақсаттарына пайдаланады.

Қорытындылай  келсек, қазірден бастап жастарымызға діни білім өте қажет. Мемлекетіміз осы мәселе бойынша көптен жұмыстар атқаруда. Өз ойым мектептерде осындай діни білім беретін болсақ, бұндай адасушылыққа, басқа сенімге кіріп кетуден біз арашалап қаламыз деп ойлаймын. Тәрбие жоқ жерде тәртіп болмайды. Осының барлығы ұлт болып қалуымызға әсер етеді. Жастарды ақ пен қараны ажырата алатындай білім мен тәрбие беруіміз қажет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия және Саясаттану» кафедрасының Дінтану мамандығының 4-курс студенті Жақанбай Дархан Жетекші: PhD аға оқытушы: Мұқан.Н


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз