Өлең, жыр, ақындар

Алғыс айт айналаңа

Жылына бір рет болсын адамдардың бір-біріне рақмет айтуы рухани жағынан жан дүниені жандандырады. Көктемнің алғашқы күні өтетін мереке жылулық пен қатар жүздеген ұлттар арасындағы ыстық ықыласты сезіндіреді. Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бері аталып өтуде. 2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 жарлыққа қол қойған болатын. Елбасымыздың бұл шешімі ел үшін, елдің игілігі мен ішкі татулығы үшін әлеуметтік қозғаушы күш.

Әуелі, алғыс дегеніміз адамдар арасындағы сыйластық пен қатар сенімділікті ұялатады.Біздің елімізде біршама этностар өмір сүретін болған соң, таптырмас мейрам.Тағдыр тәлкегімен туған жерлерінен біздің елге қоңыс аударғандар өз ризашылықтарын қазақстандықтарға білдіріп жатады. Әрине,осы ризашылық ұлттар арасындағы бірлікті нығайтады. Айтулы алғыс айту күні біздің арамызда өте жоғары деңгейде аталып өтіледі.Олар қиын қыстау замандағы қазақстандықтардың оларға деген қонақжайлылығын ешқашанда ұмытпайтындығын айтады. Бұл олардың біздің елге деген терең тағзымының белгісі.

Әр адам баласы өзің қоршаған ортасына,оған деген жылы қарым-қатынасына, түсіністік пен сыйластығына өз лебізін білдіру керек.Өз алғысымызды біз Тәуелсіз Қазақстан үшін аянбай тер төккен тұлғаларға, елі үшін ,жері үшін қасық қанын беруге әзір жандарға айту керек деп ойлаймын. Болашақ Қазақстан осындай қарқынмен бірлігін сақтаса, алынбас мемлекет болатындығымызға сенімім мол.

Авторы: Жарылкапова Д.С.

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз