Өлең, жыр, ақындар

Егеменді елімнің рәміздеріне 30 жыл!

Мемлекеттік рәміздеріміз бүгінгі таңда еліміздің егемендігі мен тұғыры биік тәуелсіздігіміздің біртұтастығын бейнелейтін, халықтығымыздың берік негізі іспеттес. Тәуелсіздіктің арайлаған ақ таңы қазіргі күндегі рәміздеріміздің айқын көрінісі.

Тарих қойнауында жатқан егеменді ел, дербес тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасқан тәуелсіз, еркін ел болып, тарихи сахнадан ойып орын алу үшін талай жылдарды артқа тастадық. Тәуелсіздік Қазақстан тарихында 1992 жылы  еліміз егеменді мемлекет атанып, жаңа рәміздерін бекітті. Міне,сол күннен бүгінгі күнге дейін тәуелсіздіктің құшағындағы еліміздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр. 30 жыл зеңгір көкпен таласа желбіреген көк туымыздың астында халқымыз тату-тәтті өмір сүруде.

Мемлекеттік рәміздеріміздің қатарын - ту, елтаңба, әнұран толықтыратыны бәрімізге мәлім. Көк байрақты туымыз бірлік пен тұтастығымыз сондай-ақ еркіндік пен бостандығымыздың белгісі. Елтаңба-күллі халықты бір шаңырақ астында асыл мұратты мен рухани байлығын және де ұлтымыздың жасымас жігері мен қайратының дәлелі. Әнұран- жұртшылықтың рухын көтеріп, барша қазақтың кеуде кернеп,бойына рух пен ұлтшылдықты жиып айтатын рәміздеріміздің бірі де бірегейі.

Мемлекеттік рәміздеріміз ұлттық рух, ұлттық болмыс және ұлттық санамыздың негізгі бейнесі. Тұғыры биік тәуелсіздігіміздің көрінісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Флология факультетінің 1 курс студенті Абыл Гауһар Раймбердықызы

Қазақстан тарих кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар