Бұлардың төртеуі де комсомол мүшелері, төртеуі де жұмысшы қыздары, төртеуі де оқушылар. Төртеуі де төрт тамшы судай бір-біріне ұқсас. Әсіресе, оларды бір-біріне ұқсас ететін нәрсе-бақытты, қуанышты өмір. Бұл өмірге төртеуі де ортақ...
Біз үлкен тастың түбінде тұрамыз. Бұлтқа оранған Алматы шыңы. Сарқырап аққан тау өзені. Алматы шыңына қадала қарап Мариям тұр. Шашын кейін қарай бір сілкіп тастады...
Менің ойыма атақты Варбизон тобынан шыққан, француз суретшісінің «Батыл әйел» деген суреті түсті. Ол былай еді.
... Толқыған теңіз. Кішкене қайықтағы жалғыз әйел. Түпсіз, шексіз толқын... алыста, көкжиекте бұлттар. Толқын қайықты қисайтып аударуға тақалған. Әйел қисайып құлап бара жатқан қайықты есіп бара жатыр. Түсінде бір тамшы да қорқыныш белгісі жоқ. Көзі аларып кеткен, бірақ ұл үрейі ұшқандық емес, бірбеткейлік, батырлық.Долы, түпсіз толқынның әйелді құшағына алуына секунд қалған... Бұл сондай қыл үстінде тұрған жағдай...
Шынында, әйел өмір толқынында дәл осындай күйде болмап па еді?
Біздің елдің әйелдері арпалысқан, алқымнан алған толқынды, теңізді жеңіп шықты; біздің елдің әйелдері жан сақтап қалу үшін ескекті бар күшімен ескен жоқ, өшпенділік пен таптық мақсатпен есті. Батылдық, ерлік, геройлық, шын берілгендік біздің елдің әйелдерінің серіктері болды.
Ұлы қайғы басқан атақты француз суретшісі өмір толқынындағы «батыр әйелдің» болашағын жоқ етті. Әйелдер бостандығын жүзеге асыратын бір таптың барлығын ескермеді. Әйел өзінің батылдығымен, өрлігімен елімнің бетіне ұрса да су түбіне кетіп бара жатты... Бұл қателік еді. Бұл төңкерілген дәуірдің көкжиегіне көз жібере алмағандық еді..
Алатаудың бауырында, көп ағаштың ішінде, ағын судың жағасында Мәриям тұр. Бақытты, қуанышты Мәриям!!.. «Рембрандт, Рафаэль, Роберт, Оуэн, Илья Репин, Серовтың осындай натуршицасы болып па еді — дейді жолдасым.
Дұрыс-ақ, мұндай қуанышты, бақытты, қайратты, қажырлы әйелдерді ешқандай суретші, жазушы бұрын көрген емес. Бұл, тіпті, жаңа жері басып; жаңа дәуірде туған, жаңа адамдар.
«Шындық фантазиядан да тамаша» — дейді. Біздің осы күнгі шындық фантазиядан асып түсті. Атақты Жюль Берн, Уэльстер фантазиялары артта қалды. Бұл жағдай әсіресе біздің адамдардан айқын көрінеді. Бұған біздің қазақ қыздары әдемі дәлел бола алады...
Қыздар атуға дайындалып жатыр. Менің сөйлесуім керек. Бірақ сөз таба алмадым. Қыздардың кім екені, барлық өмірі, қуанышы, не үшін атыс мамандығын үйреніп жатқандықтары бет ажарларынан көрініп тұрған жоқ па? Не сұрарсың...
— Мәриям, өмір қалай? — дейміз біз.
Мәриям таңданғандай түрмен қарап: «Шынымен-ақ өмірдің қалай екенін білмейсіңдер ме?» — дегендей болады. Сонан соң менің қысылғандығымды сезіп, қатты күліп жіберді. Күлкі тастан-тасқа, шыңнан-шыңға секіріп, біраздан соң, бір қуысқа кіріп жоқ болғандай басылды.
— Мылтықты қолға алыңдар! — деді командир жолдас Абдрахманұлы.
Қызыл әскеріне киінген төрт қыз кенет оңға бұрылды. Мылтықтарын алып, қалшиып тік тұра қалды. Қимылдарына көз ілеспейді, төртеуінің қимылы бір-бірінен айнымайды. Төртеуінің қимылы да бір газеттей төрт данасы сияқты болды.
— Теңізді қимылмен атыңдар! — деді командир қыздарға.
Біз теңізді қимылмен, онан соң еркін көздеп атудың қалай екенін басымыздан кіріп көрдік. 300 метр жерден алақандай қарауылға мылтықтың қарауылын туралап алу әдепкіде соқыр кемпірлердің жіңішке инені сабақтағанынан қиын! Қарауыл ауытқып, тұрмайды. Қолыңның Aipwfleyi, тамырының, жүрегіңнің соғуы қарауылды орнықтырмайды. Онан соң біраз туралайын деп қадалғандықтан көзі бұлдырайды. Әрине, мұның бәрі әдеттегідей. Ал біздің атқыш қыздарда бұлардың бірінде-бірі жоқ сияқты. Қарауылға дәл тигізу Мәриям, Гулия, Нағималарға маңдайына түскен бір шоқ шашты кейін алып тастаумен бірдей сияқты.
Тез қимылмен атқанда жайбарақат көздеп жатуға мұрсат болмайды. 30 секундте атып, норманы орындап шығу керек...
Қыздардың атып қойғанын біз сезбей де қалдық. Біздің қиялымыздан да тез болғаны ғой! Бізде қыздар қарауылға қарамай-ақ атып салған сияқты болды. Біз жүгіріп қарауылға барсақ, төрт қыздың көзі ілеспей атқан 20 оғының 10-нан, 9-дан барып тигенін байқадық. Біз тесіле қарадық.
Жолдасым маған бұрылып:
— Құралайды көздеп тигізу осы екен ғой — деді біз таң қалдық. Бірақ біздің таң қалғандығымызға қыздар таң қалды.
— Құралайды көзден тигізбесең, Ворошилов атқышы боласың ба? — деді Нағима.
Тегінде, мылтыққа қыздар үйреніскен сияқты. Ықшамдылық, сенімділік, батылдық, қиынның қисынын табу-бұл қыздарға киетін киімдей үйреншікті болған сияқты.
Міне, Мәриямды алайық. Мәриям-қазақ жұмысшысының қызы. Мәриямның жасы 21-де, шынында ол бақытсыздықты білмейді, ескі өмірді басынан кешірген емес. Мәриямның өміріне романтикаға байланысқан ештеңе жоқ. Жеті жылдық мектеп, комсомол, дене шынықтыру техникумы. Міне, бұл еліміздегі мыңдаған қыздардың өміріне ұқсас-ақ.
Қазақ қыздарының мерген болып, жалпы одақтық атқыштар жарысына қатысуға дайындалып жатқанында ешқандай таң қаларлық нәрсе жоқ. Қыздардың бәйге алатынына өте сенімді екендеріне де «жерден жерге; екі құлағы тік шыққан» ештеңе жоқ.
Шынында, біздің Отан рекордтың, фантазиядан озудың Отаны, біздің жастар стратосфераға да ұшады, біздің жастар, қыздар 7000 метр көктегі парашютпен секіреді. Қиял жетпейтін қандай жұмыс болса да іштей алады. Өйткені біз большевиктер ұрпағымыз, өйткені біз қиыншылықты жеңе алмау дегенін білмейміз. Бұл неліктен дейміз біз?
Барлық ғасырларды шулатқан, барлық сүйіскен жастардың аянышы болғаны белгілі қоғамдық ортаның құрбаны болып, жарының құшағына жете алмай, арпалысып, жеңе алмай Жульетта неге өлді? Туып келе жатқан ренессанс заманына болған атақты Шекспир, драматургияның асқар шыңына шыққан ұлы Шекспир сүйген геройы-өзінің Жульеттасына неге «бақыт тауып бере алмады?»
Помещик-байлар Россиясында қармауға тал таппай, Анна Каренина неге поездың астына түсіп өлді?
Лесковтың «Макбегі», Бизенің «Кармені», Бердидің, «Травиатасы», Ролланның. «Антуанеттасы» неге бақыт таба алмады?
Толстойдың «Катюшасы», Мопассанның «Пышкасы», Дюманың «Дамасы» неге адамшылықтан шығып, төніп сатып кеткен еді, оларды осы жолға салған кімдер едің?
Қазіргінің өзінде отар елдерде жас қыздар неге базарға шығарылып сатылады?
Қазақстанда бұрын, кеңес үкіметіне дейін әйелдер неге күн қатарында болып еді? Капитал елдерінде әйелдер неге мал қатарында есептеледі?
Міне, біз осының бәрін Отанымыздың қазіргі өміріне салыстырсақ, бізге әбден үйреншікті болып кеткен бақыттылық, ерлік, құрметтің аса бағалы екен, оның басқаларға таң қаларлық екенін айқын білеміз.
Жақында Франция Компартиясы басшыларының бірі жолдас Баян Кутируре «Жас болудың бақытсыздығы» деген штап жазып шығарды. Жолдас Кутируре Франция жастарына жастардың жайы жөнінде анкета берген. Түрлі тұрмысты, жағдайлы мыңдаған жастар адал ниетпен жауап жазған.
Жастар өздерінің өмірін айтып, жаны алқымына тығылған қоғамға-техника, білімді ауыздықтап, цистика орта ғасырлардың қанды балтасына жармасқан, өзінің борсыған иісімен ауаны бұзған қоғамға-капиталистік қоғамға лағынет айтқан. өзі отырған бұтақты түбінен қырқып, өзінің болашағын буындырып, тұншықтырып, жастарға бақыт, өмір бермеген байлар қоғамына лағынет айтқан.
«Кадр барлық мәселенің түйінін шешетін» елде, адамға сүйіспеншілік көзбен қарап қамын жеу ұраны негізгі міндет болып отырған елде, біздің елде, социалды ұлы Отанымызда мұндай хаттар қабірден шыққан дауыс құсап естілді.
Күн көре алмай, солдат болған жұмыссыз жас былай деп жазады: «Жұмыссыздан солдат арзан дейді мүмкін, бірақ солдаттың жұмыссыздан тезірек өлетіні айқын».
«Жас болу-бақыттылық» — дейді кейбір шалдар. «Олай емес, біздің заманда, жас болу -бақытсыз болу» — дейді екінші бір жұмыссыз жас.
«Жастар өздерінің не істейтінін білмейді өйткені оларға ештеме істетпейді, істеткен күнде кесепатты бірдемені істетеді— деп жазады үшінші бір жас.
Капитал елдеріндегі жастар ештеңе істемеудің абсурд екенін түсініп келеді. Содан барып жастар «біздің өмір неге бұлай, неге бір жапырақ нанға зармыз»— деп өздеріне сауал қояды. Сол уақытта «шалдардың» қарауындағы байшыл жастар ұйымы жастарды ұлтшылдыққа, фашизмге, мистикаға тартады, соғысқа үгіттейді бірақ жастар сенбейді. Олар ешқандай пәлсәпашыға, академикке, журналиске сенбейді. Ешқандай саясатшыларға, әке-шешелеріне сенбейді, өздеріне өздері сенбейді. Капитал елінде солай!
Егер олар жолдас Кутируреге сеніп шығып айтып, хат жазса-бұл тек коммунизм жолының ғана жастарға бақыт бере алатындығына сенушілік. Сондықтан жас жұмысшылар, жас шаруалар-түрлі аурудың, ыластықтың, жоқшылықтың, аштықтың, өте қиын еңбектің, бақытсыз, рақатсыз сұр өмірдің жемі болмағандар, өмірі туғалы біреуі шығып тамақ ішпегендер, бойы жылынып киім кимегендер-коммуниске сеніп хат жазған.
«Мен 17 жасармын, мен ашпын, осы әділдік пе?» — деп жазады біреу. «Студенттер ертеңіне күніне сенбейді — дейді екінші біреу.
Бірақ жастар, «ертеңгі» күннің төңірегінде әлденеше жыл тұрған жұмыссыздар, таңның қалай ататындығын түсініп келеді. Біздің елдерден Мәриямдардың қуанышты, бақытты өмірі оларға идеал болып отыр.
Жер жүзінің жұмысшы жастары: «Дүниеде Москва бар»— деп отыр.
Бұл елде: «Біз-жаспыз, бақытсызбыз, бірақ үмітіміз-жаңа өмір»— деп жазады енді біреуі. Жаңа өмір деп ол біздің елдің өмірін айтады.
Бұл дұрыс. Біздің өмір-жаңа өмір. Біз сол жаңа өмірлі елдің бақытты жастарымыз.
Халқымыздың жартысы болған әйелдердің еркектермен тең екендігін, олардың айбынды еңбекте жерлерін жұмсай білгенде, ғылымның, мәдениеттің барлық тарауларына қатынасып отырғандығы, өмірі өзгертуде әйелдердің талабы, жігері, батылдығы, ерлік кезі қарқынмен есіп отырғандығы біздің өмірді көрсете алады.
Ендеше, біздің бірінен-бірі бақытты өмірдегі, бақытты жастардың қатарындағылардан саналатын Мәриям, Гулия, Майнур, Нағималар.
Бұлар еңбекті қалай сүйсе, өмірді қалай сүйсе, Отанды қалай сүйсе, сол сүюшіліктерімен Отан жолына бастарын беруге дайын. Сондықтан да бұлар соғыс өнерімен қаруланып, құралайды көзден таса ғып үйренеді.
Бұлар өз мамандығын ғана білетін, сонымен қалған бір беткей адамдар емес. Бұлар марксизмді ленинизмді де мықтап үйренуде. Бұлар винтовканы тазалаумен қатар, Толстойды, Бальзакті де оқиды. Бұлар шаштарын әдемілеп тараумен қатар, колхоздың жаңа уставын талқылайды, айтысады. Бұлар мишенге таласумен қатар, пакстротты да билейді ГТО нормасын берумен қатар, «Ақ аюды» да оқиды.
— Мәриям, бері кел — деді жолдасым. Мәриям күліп келді де:
— Азамат Азаматич, не дейсіз? — деді.
— Мәриям, бос уақытты қалай өткізесіздер?
— Оқимыз, білімімізді көтереміз, өлең айтамыз, би билейміз.
— Танго, румбаны билейсіздер ме?
— Билемеске не! — деді жаңғырықтыра сөйлеп Мәриям.
— Міне, бақытты өмір. Біз қуанышты өмір құрамыз. Отанды да қорғаймыз, мәдениетті де боламыз — деді жолдасым қуанышы қойнына сыймай. Шын жүректен шыққан осы сөз шаттық өмір, бақытты жастықтың құшағындағы төрт қыздың ойын білдіріп, болашағын барлағандай Алматы шыңынан асып, Алатауды аралап кетті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі