Ауыл - тынысы бөлек ерекше мекен! Ауылдағы әр бір сәт мол қазыналы естеліктерге толы. Туған жерде ойнап, алаңсыз кешкен балалық шағымды қатты сағындым. Қаланы қанша керемет қызық көргенімізбен, ауылдың тынысына жетпейтіні анық.
Менің туып өскен жерім - Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы. Туған жерімнің топырағыда мен үшін өте ыстық. Таңертең таң арайлап атқан кезде, ата - анамның таңғы астарын ішіп, әңгімелерін айтып жатқанын естіп оянатынмын. Ұйқымнан тұра сала анамның ыстық шәйін ішіп, әкеме еркелейтін едім. Ата-әжемнің қызы болып өскеннен кейін, ол кісілермен бірге той - жиындарға еріп баратын болдым. Үлкендердің ұлы әңгімелерін тыңдап өскендіктен, олардың тәрбиесімен бой түзеп, ой түйетін едім. Балалық шағымның ыстық естеліктерін таусып біте алмаймын. Сол бір сәтті қайтару мүмкіндігі болса ғой шіркін...
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультетінің 1 курс студенті Қуанғалиева Ұлпан Серікқалиқызы.
Қазақстан тарих кафедрасының доценті Джолдыбаева. У. М.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі