Өлең, жыр, ақындар

ҚАЗҰУ-ым мақтанышым!

Түлектердің мектеп бітіргеннен кейінгі өміріндегі маңызды шешімдердің бірі – жоғарғы оқу орнын таңдау. Әр адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі шешуі керек. Мамандығымды таңдай отыра, мен болашаққа деген нақты қадамымды бастым. Мен де еліміздегі барлық жоғары оқу орындарына ұзақ талдау жасай отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдадым. Бұрынғы арманымның бүгін орындалатынын кім білген?! Емтиханнан сүрінбей өтіп, жоғары балл алғаныма қуанғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Арманыма сонымен қоса сүйікті университетіме бір қадам жақындағандай болдым. Менің ғана емес, талай түлектердің арманы болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуға мүмкіндік алдым. Расында, атына лайық әсем қала  мен ондағы менің жүрегімді жаулаған Қазақ Ұлттық Университеті болашаққа деген үлкен қадамым болғандай болды. Бүгінгі күні мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің 1 курс студентімін. Жоғары деңгейде алып жатқан білімімді одан сайын жетілдіріп, өз мамандығымның нағыз иесі болуды қалаймын.

Құрылғанына 88 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренада өз орнын көрсете білді. Бүгінгі күні ҚАЗҰУ көп елдер мен қалалардың, шетел азаматтары мен қазақ азаматтарының басын қосып, қара шаңыраққа айналған университет. Университет ұжымы көпұлтты Қазақстанның экономикасы мен мәдени өсуіне, мәдениетіне, ғылымы мен біліміне зор үлес қосты. Қазіргі таңда университет көптеген шетелдік университеттермен ынтымақтастық қатынаста. Мұнда оқитын әрбір студенттің шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар. Жалпы, ҚАЗҰУ – мүмкіндіктер мекені деп айтқым келеді. Ал ҚАЗҰУ-дың әсем табиғаты ол бөлек тақырып. Табиғаттың барлық сұлулығы осында жиналған секілді.  Мұның бәрі осында білім алып отырған адамзат үшін өте үлкен шабыт пен мақтаныш. Барлық уақытта менің университетім, яғни ҚАЗҰУЫМ– мақтанышым деп мақтанышпен айта аламын. Келесі кезектегі жоғарғы оқу орнын қателеспей таңдау еркіндігі түлектердің қолында. Әрбір түлектер мен болашақ түлектер ең керемет және жоғарғы деңгейдегі университетте оқуға лайықты. Ал ҚАЗҰУ барлық мақтауға лайықты университет.

Механика-математика факультетінің бірінші курс студенті
Жетекшісі: Уразгалиева С. А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз