Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – дәстүрі бай, оқу-ғылыми қызметте көп жылдық тәжірибесі бар университет және Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны.

ҚазҰУ - Қазақстанның ұлттық рейтингінің бірінші қатарында орналасқан.  Оқу орны әлемдегі ең үздік университеттердің бес пайызына кіреді.  Оқу орны білім сапасы бойынша үздік университеттердің бірі ретінде танылып, осы критерий бойынша әлемдік рейтингте үздік 200-дікке кіреді.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы және дүние жүзіндегі жұмыс берушілер арасында ең беделді оқу орындарының бірі болып саналады.

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы құрылған және ең көне университеттердің бірі болып саналады. Өзінің 88 жылдық қызметінде Қазақстанның экономикасының, саяси-құқықтық өмірінің, мәдениетінің, ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты және бүкіл әлемде жоғары білім беру жүйесінің берік тірегіне айналды.

ҚазҰУ — студенттерге өте үлкен мүмкіндік береді. Бұл университетте көп теген факультеттер мен мамандықтар бар. Университетте еліміздің барлық аймақтарынан, сондай-ақ шетелдерден келген студенттер білім алуда. Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.

Әль Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің механика-математика кафедрасының студенті ретінде және  әлемдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүргеніме мақтан етемін.

Салисканов Аңсар жетекші: Уразгалиева Светлана Аманжоловна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз