Өлең, жыр, ақындар

Көшбасшы Университет

«Әл-Фараби»атындағы Қазақ Ұлттық Университеті көненің көзі болған, ірге тасы сонау 1934 жылы қаланған, осы уақытқа дейін абыройы артпаса кемімеген білім ордасы. 1934 жылдан таәуелсіздік алған шаққа дейін  Ресей революционері, кеңес мемлекеттік және саяси қайраткері Сергей Миронович Кировтың есімімен аталды. Егемендікке қол жеткізгеннен, яғни 1991 жылдың 23 қазан күнінен  бастап университетімізге “Әлемнің екінші ұстазы”- Әбу Наср Әл-Фарабидің есімі берілді. Қазіргі таңда ҚазҰУ Республика бойынша 1-ші орында болса, әлемдік рейтингте 175 орынға ие. 

ҚазҰУ мүмкіндіктер мекені. Университет қабырғасында жүріп-ақ шет елге шығуға, Start Up жоба бастауға, көп адамдармен байланыс жасауға, атақты тұлғалармен кездесуге болады. ҚазҰУ-ға түскеніме бір жыл ғана болса да, осы уақытқа дейін университет қабырғасында жүріп өте көп жобалардың өткізілуіне аз-да болса өз үлесімді қосып, белсенді студент бола білдім деп ойлаймын. Биыл Университетіміз халықаралық деңгейде бірнеше жобалар өткізілді оның негізгідері деп “Фараби” форумы және “Әл-Фараби 2020” олимпиадасын айтар едім. Осы іс-шаралар аяасында шетелдік және еліміздің ірі тұлғаларымен кездестік. Бұл өткізілген жобалар алғашқысы да, соңғысыда емес. Университетімізде жыл сайын жоғарғы деңгейде әр-түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сондай жобалардың бірінде Туркияның экс-президенті Абдуллах Гюль мен ҚР еңбек сіңірген, атақты жазушы Олжас Сүлейменовпен тағы да басқа атақты тұлғалармен кездестім. Бұл жерде жүріп кез-келген мақсатыңа жетуге болары сөзсіз. Бірақ барлық жердегідей ҚазҰУ-да еңбекті талап етеді. Ол талапқа сай болғандар ең үздік тұлға болары, ал лайық болмағаны Университет туралы жағымсыз пікір қалыптастыруға тырысары сөзсіз. Сол себепті талапкерлерге ҚазҰУ-да оқу қиын деген сөздерге ілесіп өте көп мүмкіндіктен құр қалып қалмауға шақырамын.

Автор: Б.Д.Оразбай( механика-математика ф. Математикалық компьютерлік модельдеу
Жетекші: А.С.Уразгалиева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер