Жасанды интеллект: болашақтың серігі ме, бәсекелесі ме?
Адамзат тарихында дөңгелек, электр, ғаламтор секілді ашылулар қоғамды түбегейлі өзгерткен. Бүгінгі жаңа төңкеріс – жасанды интеллект. Ол біздің заманды басқаша қылып қана қоймай, болашақты да қайта жазып жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында айтылғандай, еліміз алдағы 3 жылда цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Алдағы уақытта Қазақстандағы қордаланған мәселелер ЖИ арқылы өз шешімін толық табады. Бұл – әлем елдерімен салыстырғанда көш соңында қалмаудың жарқын көрінісі.
Жастар үшін жасанды интеллект – екі жүзді қылыш. Бір жүзі – білімнің шексіз көзі, армандарға апаратын көпір. Бір сәтте әлемдік кітапхананың есігін ашып, күрделі есептерді шешіп, жаңа тілді үйретеді. Екінші жүзі – уақытты ұрлайтын тұзақ. Артық әуестік ойлау қабілетін әлсіретіп, жалған дүниенің шырмауына түсіруі мүмкін.
Белгілі бір ақиқат бар: жасанды интеллект ешқашан жүректің орнын баса алмайды. Ол есептей алады, бірақ сүйе алмайды. Ол мәтін құрастырады, бірақ шабыт сыйлай алмайды. Сондықтан жастардың қолында артықшылық бар – оларда сезім, қиял, арман бар. Ал жасанды интеллект сол арманға жетудің құралы ғана болуы тиіс.
Таңдап отырған мамандығым – журналистиканы жасанды интеллект алмастыра ала ма деген сұрақ көкейде еріксіз туындайды. Бұл сауалдың жауабы – жоқ! Адам дүниеге Құдайдың қалауымен келеді, ал жасанды интеллек адамның ақыл-ойы нәтижесінде пайда болады. Ал журналистердің бойында болатын сезімталдық, жанашырлық, қайсарлық секілді қасиеттерді «темір данышпаннан» таба алмаймыз. Сондықтан жасанды интеллект БАҚ саласын да, журналистиканы алмастыра алмайды деген шешімге келеміз.
Жасанды интеллект – жастардың серігі болса, болашақ жарқын. Егер ол бәсекелеске айналса, адамзат өз қолымен өзіне қарсы қару жасаған болмақ. Таңдау – жастардың қолында.
Ақтоты Миржанқызы.
21.09.2025ж
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі