Журналист болу үшін білім керек және құштарлық керек. Спортшының ең биік шыңы - олимпиадаға бару болса, спорт журналисінің ең биік шыңы - олимпиада ойындарын көзімен көру.
Телжан Күдеров
1. Бұл өте көп қойылатын сұрақтардың бірі болуы мүмкін. Бірақ, журналистік бастамаңызға не түрткі болды?.
Мен оқуға түспей жатып Амангелді (Сейітханов) ағамен таныстым. Ол өзі жұмыс жасап жүрген (Спорт) газетке апарып, редакцияның қарқынды тірлігімен таныстырды. Қолымнан келгенше көмектесіп, ананы-мынаны жасап не айтса да жүгіріп жүрдім. Содан қолымнан жетелеп, «журналистика мамандығына түс, спортты жазатын адамдар саусақпен санарлық, сен соған кел» деп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға әкелді. Оқуға түскесін одан да жақын болдық. Жұмысын көруге, үйренуге жиі барып жүрдім. Сол кездерден бастап, спортты жазуға деген құлшынысым оянды.
2. Бес олимпиадаға қатар барған спортшы жоқ шығар. Алайда, сізді бес олимпиадаға барып, өз көзімен көрген жақсы жаңалықтың жаршысы ретінде танимыз. Бірақ, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді дейді. Жеңістің тәтті дәмін сезе алмаған кездегі сезіміңізбен бөлісе кетсеңіз?
- Иә, әрине спорт болғасын жеңіс те, жеңілісте қатар жүреді. Бірақ, ішіңнен қынжыласың қолда тұрған алтын, күміс, қоладан кірпік қағып үлгермейінше айырылып қалып жатамыз. Спорт деген-секунд. Бір секундтың өзі айтарлықтай зор рөл ойнайды. Үмітіміз сөніп қалса, «қап, әттеген-ай» деп қаласың. Ол кезде спортшыға «ақтал, неге жеңілдің?», «не болды?»,«барлығын айт» дейміз. Өйткені, біз рингте болмадық, көзбен көріп отығанымызбен қарсыластың әуселесін көрмедік. Оның барлығын тек спортшы ғана сезеді. Содантеледидар арқылы оның сол кездегі күйін, өкінішін көрсетуге тырысамыз. Әйтпесе, халық «ой, жеңіліп қалды, дұрыстап күреспей ме?» деп жатады. Енді оларды да түсінуге болады бабы келіп тұрса да, бағы қатар келмей жатады. Жеңіске алып-ұшып қаншалықты қуансақ, жеңіліс соншалықты ауыр тиеді.
3. Қазіргі таңда спорттың дамуы үшін сапалы, оның мәртебесін көтеретін материалдар жазатын журналистер керек деп көп айтамыз. Салалық журналистиканы дамыту туралы ойыңыз қандай?
- Менің ойымша, бастаған істі соңына дейін жеткізу керек. Спорт сферасын таңдар болсаң, оң жанбасыңа келетін спортпен айналып, соны зерттеп, соны ғана жазу керек. Мен өзім футбол, волейболға көп қызыға бермеймін. Кезінде Амангелді (Сейтханов) аға футбол тәуір тартты. Бірақ, менің аса қатты қызығушылығым болмады. Яғни, менің оң жамбасыма келмеді. Бірақ, күрес, самбо, дзюдоны жібермеуге тырысамын. Күрес түрлері маған басқа спорт түрлерінен қарағанда әлде қайда жақын. Егер сен экономиканы жақсы білсең, оны жазғанда тыңғылықты, пысықтап жазасың. Қате кетіп жатса, түзеп отырасың. Ал білмесең қай жерден қате кетіп жатқанын да білмей отырасың. «Спорт журналистикасы» (білім беру бағдарламасының) ашылғанына қуаныштымын. Сапалы дүние білім бар болса шығады.
4. Журналистің соның ішінде спорттан хабар тарататын спорт журналисінің бойынан табылу керек қасиеттерді атай аласыз ба? Басқа журналистерден, дикторлардан бөлек болмысы бар ма?
- Мамандықты сүю. Өйткені, спорт журналисі болу қиын. Спортшылар сұхбат бермей, кейде бетіңе де қарамай өтіп кетеді. Оның бәріне шыдап, артынан жүгіріп жүріп алу керек. Мына жақта елің жаңалық күтіп отырса, сен бермесе жарайды деп кете сала алмайсың.
5. Бұрынғы және қазіргі медиада жұмыс жасаудың өзгешеліктері бар ма?
Мен 1997 жылы алғаш рет эфир жүргіздім. Апта бойына болған спорттық шараларды қорытып 15 минуттық сараптамалық бағдарламаны жүргізетін болдым. Оны түсіріп аласың, қате кетсе жөндеу қиын, қайтадан түсіресің. Қазіргідей секундпен қию деген жоқ. Ол кездегі техника деген баяғы ескі дүниелер. Қазір жастарға айтамын, сендерге бәрі оңай ғой. Техникада бар, өңдеуде оңай. Тек жылдамдық, ақпаратты жылдам тарату. Өйткені, қазіргі кезде әлеуметтік желілер бәсекелестік пен келе жатыр. Сен кеш шығарсаң, біз мұны инстаграмнан оқып көріп алдық дейді. Кейде сұрайды менен: «Неге сені олимпиадаларға көп жібереді?» деп. Мен өзім оператор, өзім журналист, өзім жазамын, өзім түсіремін. Бір өзім барлығына машықтандым. Сендерді де жан-жақты болуға шақырамын. Сол кезде жылдамдықтан да, жұмыстан да біраз нәрселер ұтасыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі