Өлең, жыр, ақындар

Информатика пәнінен оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын жасауда ғылыми-ізденісі және шығармашылығын жетілдіру жолдары

Идеяның мақсаты: информатика сабақтарында оқушылардың тиімді жұмыс жасауын ұйымдастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Идеяның міндеттері:

— Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

— Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану;

— Ізденіс-зерттеу әдістерін дамыту;

— Сабақтардың қызықты, әрі сапалы өтуіне сеп болу.

Идеяның мазмұны:

Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Себебі, оқушылар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерімен жұмыс жасауда өздеріне қажет мағлұматтарды өз бойларына игеріп, шығармашылық қабілетін дамытады. Ақпараттық технологиялар мектеп пен ақпараттық қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге негізделе отырып, олардың ғажайып сырларын ашады, ал аталған технологиялар оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне аз да болса пайда келтіруге ынталандырып, ақпараттық технологиялар жайлы түсінігін кеңейтеді.

Ақпараттық технологиялар оқушылардың сабақтан немесе оқулықтан дайын білімді алуын ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын, ізденіс-зерттеу әдістерін қамтиды. Бүгінгі таңда жас ұрпақты шығармашылық қабілеті дамыған тұлға етіп тәрбиелеуде және оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруда сабақтан тыс жұмыстар мен үйірмелердің де маңызы зор. Олар оқушының жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты білім алуының, шығармашылық қабілетінің дамуының негізгі жолдарының бірі.

Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет».

Осы тұста «Информатика пәнінен оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын жасауда ғылыми-ізденісі және шығармашылығын жетілдіру жолдары» — тақырыбындағы өз баяндамамды ұсынамын.

Информатика пәні бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, вариативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.

Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар осы сыныптан тыс жұмыстарға  жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.

Информатикадан вариатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық, жан — жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика пәні бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі — оқушылардың үйірме жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.

Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудан бастау қажет.

Сабақ барысында ұжымдық шығармашылықтың қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

— өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

— пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

— өзінің сыныптасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

— сыныптасының жауабына пікір айту;

— сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмыстарын бағалау;

— өз бетімен қиын тапсырмаларды таңдау;

— танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

— өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекеттерін талдау;

— танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, оқушы үшін маңызды жақтары төмендегідей:

— оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;

— сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

— кітаптармен, көркем және ғылыми әдебиеттермен, баспа материалдарымен жұмыс жасау біліктерін қалыптастырады;

— ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

— оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

— өз әрекеттеріне сын тұрғысынан қарауға;

— тұжырым жасап қорытындылауға;

— мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенмділіктері артады.

Әр баланың бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу іс-әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ал, оқушының қабылдау түйсігі мәтін, видео, анимация, графика, дыбыс элементтері арқылы қалыптасады. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерін ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармаылық жағдай жасауы қажет. Ал, оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімдігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады.

Информатикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, тұлға ретіндегі танымдық белсенділіктерін арттырудың және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор.

Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. Онда бірақ оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін деген ойға келеді. Олар оқушылар жаңа өздерінің алдын ала идеяларын айта бастайды және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы айтуға сенімді болады. Осылайша, оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады.

Бірақ, шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші — өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:

— оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

— шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар:

— тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

— логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;

— бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есептер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)

— әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

— қиялдау арқылы сурет салғызу;

— ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);

— мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.

Осындай жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.

Шығармашылқ жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс — әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек.

Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс — әрекеті және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс — әрекеті неғұрлым үйлесімді, икемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық.  Барлық жұмыстарда оқушының қалауын,  таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық еңбекті талап етеді.

Нәтижесінде:

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әр түрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез-келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру.  Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса да бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім мапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с., өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технологиялар арқылы оқыту  оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды өз бетімен ізденуге де  ұмтылдырады.

Біздің осы атқарылып жатқан  жұмыстарымыз  арқылы  оқушылардың өз білімдерін ұштауға, қабілеттерін шыңдауға қосқан үлесіміз  деп білемін.  Өз ісіне берілген,  жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.

Богусова Гульнур Жалгашевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз