Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.
Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.
Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.
Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:
— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.
Бұған торғай келіспеген соң, тышқан екеуі торғайлар биіне келеді. Торғайлар биі:
— Бұл бидай торғайдікі. Себебі торғай егінге түскен барлық құртты құртқан. Күнде үстінде ұшып жүріп, егінді күзеткен, – дейді.
Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға барады. Шал дәнді алып, екеуіне тең бөліп береді.
Бұған торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
алмаз
жаксы ертегі
алмаз
өте жаксы
алмаз
аааааааааааааааа
карина
ертегі өте жаксы
Шұғыла
Өте жақсы,маған ұнады
Нурсая
оте керемет
Тұмар
Маған бұл ертегі өте қатты ұнады
Ғалия
Өте түсінікті бірақ соңында сұрағым ен болса керемет болар еді
назым
оте жаксы ертеги екен
Арна
Бул ертегиде тасымалдауга болмайтын создер кандай?
Толғанай Сапарғали
Өте керемет жазылған.Өте-өте күшті.КЕРЕМЕТ.
Толғанай Сапарғали
КЕРЕМЕТ.
СОВЕТ МЕРЕЙ
ӨТЕ КЕРЕМЕТ ЕРТЕГІ.ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕГІ.МАҒАН ҰНАДЫ.
Гульмира
Рахмет кыска да нускалы
Алишер
Ертегі өте өте күшті болды
Алишер
Рақмет қысқа да нұсқа
Динара
Маған бұл ертегі өте қатты ұнады