Грэм Хилл молшылықта өмір сүріп келді, бірақ бір күні ол, шын мәнінде заттар оның өмірі мен уақытын жұтып жатқанын түсінеді.
Заттарға деген құмарлық адам бойында қаржылық тұрақсыздық кезінде қалыптасады. Біршама уақыттан кейін жағдайыңыз оңалып, молшылықта өмір сүре бастап, бәрін сатып ала алатындай жағдай туған күннің өзінде де бұл бақыт әкеле ме? Қаржылық тұрғыда таршылық көрмейтін адамдар «жоқ» деген жауап айтады.
Грэм Хилл — кәсіпкер, біршама жетістікке жеткен, қажет деген заттың бәрін сатып алып, молшылықта өмір сүрді. Бірақ негізінде мұның бәрі оның өмірі мен уақытын жұтып жатты.
Мен ауданы 39 шаршы метр студияда өмір сүремін. Мен қабырғаға кіріктірілген суырмалы төсекте ұйықтаймын. Менің 6 жейдем бар. Салаттар мен басқа да тағамдарға 10 тәрелкем бар. Кешкі асқа үйіме қонақ шақырсам, жазылмалы үстелімді шығарамын. Менде DVD жоқ, ал қазіргі кітаптар топтамамның бастапқысынан 10%-ы ғана қалды.
Мен 90-шы жылдардың соңынан ұзақ жол жүріп, интернет-стартаппен табысқа жеттім. Ақша маған қарша жауды деуге болады. Сонда мен зәулім үй сатып алып, оны электроника, тұрмыстық заттар, гаджеттер сияқты түрлі заттармен толтырып тастадым, өзімнің автопаркымды жасадым.
Бірақ бұл пайдалы деп тапқан заттар менің өмірімді, немесе оның көп бөлігін тұтқиылдан жаулап ала бастады. Мен тұтынып жүрген, жеп жүрген заттар, нәтижесінде мені жеп қойды. Иә, менің өмірлік сценарийім көп таралғандар қатарынан емес, өйткені 30 жасқа дейін әркім байи қоймайды, дегенмен менің заттармен қарым-қатынас сценарийім – ең қарапайым.
Біз тауарлардың молдығында, гипермаркеттер, зәулім сауда орталықтары мен тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер әлемінде өмір сүреміз. Кез келген әлеуметтік топтың адамдары өзін заттармен қамтамасыз ете алады.
Бұл заттар бізді бақытты ететінін білдіретінешқандай белгі жоқ. Мен көп жағдайда кері көріністі көремін.
Табандылықпен жинаған мардымсыз дүниелерден арылуға маған 15 жыл қажет болды. Бұдан кейін аз затты қанағат тұтып, кең, еркін, жақсырақ өмір сүре бастадым.
Бәрі 1998 жылы басталды. Серіктесім екеуміз консалтингілік компаниямызды өте үлкен сомаға саттық. Мен мұндай ақшаны өмір бойы таппаспын деп ойладым.
Соманы алған соң, 4 қабатты үй сатып алдым. Тұтыну мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, мен жаңа секциялық диван, 300 долларлық екі көзілдірік, гаджеттердің түр-түрін және 5-дискілі CD-плеер сатып алдым. Және, әрине, қозғалтқышты қашықтықтан жүргізетін қара Volvo-ны иелік еттім.
Жаңа компанияның жұмыстарымен белсенді айналыса бастағандықтан үйге көңіл бөлуге уақыт болмады. Сонда мен Кортни Лавтың көмекшісі болғанмын деген Сэвен есімді жігітті жұмысқа алдым. Ол менің сатып алудағы көмекшім болды. Оның міндеті тұрмыстық техника, электроника мен фурнитуралар дүкенін фотоаппаратпен аралау болатын. Ол маған ұнайды деген заттарды суретке түсіріп, маған көрсететін. Ал кейін мен заттардың суреттерін көріп, ұнағанын сатып алуды тапсыратынмын.
Алайда тұтыну есірткісі көп ұзамай әсер етуін тоқтатты. Маған ештеңе қажет болмай қалды. Жаңа шыққан Nokia мені еш қызықтырмады және көңілімнен шықпады. Өмірімнің жақсаруы теория бойынша мені бақыттырақ етуі тиіс болатын, бірақ уақыт өте келе мені бақыттан бұрын үрей баурай бастады.
Өмірім қиындап кетті. Менің бақылауымды талап ететін заттар көбейді. Гүлзар, үй жинау, көлік, сақтандыру, қызмет көрсету. Сэвеннің жұмысы көбейді, және... сатып алуға қатысты жеке көмекшімнің болғаны қалай? Мен кімге айналып кеттім?! Менің үйім мен заттарым менің жұмыс берушіме айналды, оған қоса мен оларға жұмысқа орналасқым келмеген.
Бәрі бұдан да қиындап кетті. Мен жұмыс бабымен Нью-Йоркке көшіп келдім де, үлкен үйді жалға алдым. Бұл үй мен сияқты IT-кәсіпкерге лайық деп санадым. Үйді заттармен толтыру керек болды, және бұған уақыт пен күш кететін. Сонымен қатар Сиэтлде үйім бар еді. Енді мен екі үйді де ойлауым керек. Нью-Йоркте қаламын деп шешкенімде, ескі үйдің мәселелерін шешу үшін және ондағы бар заттарды тарату үшін бірнеше рет әрі-бері ұшу қажет болды.
Ақшамен жолым болғаны анық, дегенмен мұндай мәселе көп адамға таныс.
Былтыр жарияланған «21 ғасырдағы үйде тұру» зерттеуі орта таптағы 32 отбасының өмірін көрсетеді. Өз мүлкіңнің қамын ойлау қажеттілігі стресс гормонының бөлінуіне ықпал етеді. 75% отбасы көлігін гаражға қоя алмаған, өйткені гараж басқа заттарға толып тұр.
Біздің заттарға деген махаббатымыз іс жүзінде өміріміздің әрбір көрінісін қамтиды. Үйлеріміздің көлемі ұлғайып келеді, бірақ үйде тұратын адамдардың ортақ саны азайып келеді. 60 жылда бір адамға кеңістік 3 есеге ұлғайды. Не үшін? Онда көбірек зат сақтауға болатындай ма?
Көшкен кезде тасып жүретін қораптарда біз не сақтаймыз? Ашпайынша білмейміз.
Қызық үрдіс, АҚШ-қа қатысты болса да. Сіз білесіз бе, The Natural Resources Defense Council мәліметі бойынша, америкалық сатып алатын тағамның 40%-ы қоқыс жәшігіне барады?
Мұндай тойымсыздық әлемдік деңгейде зардап әкеледі. Жабайы тұтынушылықтың арқасында өнідіріс те шамадан тыс жүргізіледі, ал бұл біздің экожүйемізді бұзады. Foxconn шығаратын сол iPhone-дар – Қытай өнеркәсіптік аудандарындағы экологияның күрт өзгеру себебінің бірі. Зардабына еш мән бермейтін арзан өндіріс. Бұл сізді бақыттырақ ете ме?
Тағы бір тұсы – әлеуметтік-психологиялық. Иллинойстағы Солтүстік-Батыс университетінің психологы Гален Боденхаузеннің зерттеуінше, тұтыну мен жалпы нормадан ауытқыған қоғамға қарсы мінез-құлық бір-бірімен байланысты. Тұтынушылық ой-өріс бір деңгейде адамға теріс әсер етеді және бұл оның табыс деңгейіне байланысты емес.
Менің өмірге деген көзқарасым Ольганы кездестіргеннен кейін өзгерді. Мен онымен бірге Барселонаға бардым. Оның виза мерзімі аяқталып, біз кішкентай қарапайым пәтерде тұрдық және бақытты болдық. Кейін бізді Испанияда ешкім ұстап тұрмағанын түсіндік. Азғантай киім, керек-жарақтарымыз бен ноутбуктерімізді алып, саяхатқа аттандық: Бангкок, Буэнос-Айрес, Торонто және т.б. көптеген мекендер. Мен жұмыс істеуді жалғастыра бердім, бірақ офисім енді кішкентай сөмкеме сыйып кететін болды. Өзімді еркін сезініп, үйде қалған көлігім мен гаджеттерімді еш сағынбадым.
Ольгамен қарым-қатынасымыз үзілді, бірақ өмірім түбегейлі өзгерді. Өмірімде азғантай ғана заттар, салт жүріп саяхаттаймын. Уақытым көбейді, ақшам да азайған жоқ.
Өмірдегі ең керемет заттар – бұл сол «заттар» емес, қарым-қатынас, тәжірибе мен мақсатқа жету екенін түйсігімізбен түсінеміз. Олар бақытты өмірдің өнімі болып табылады.
Маған материалды заттар ұнайды. Өзім дизайнды оқыдым, гаджеттер, киімдер мен сол сияқты заттарды жақсы көремін. Бірақ тәжірибем көрсеткендей, нақты бір мезеттен бастап материалды заттар эмоционалдық қажеттіліктерді ығыстыра бастайды. Ал негізінде бұл заттар оны демеп тұру керек болатын.
Мен бұрынғыша кәсіпкермін және қазіргі уақытта ойластырылған шағын үйлерді жасаумен айналысамын. Бұл үйлер өмірімізді демеп тұру үшін жасалады, керісінше емес. Мен тұратын 39 квадрат метрге ұқсас, бұл үйлер құрылыс үшін көп материалды, күту үшін үлкен шығынды талап етпейді. Бұл үй иесіне үнемді өмір сүруге мүмкіндік береді.
Менің ұйқым тыныш, өйткені маған шынымен қажетті қордан артық пайдаланбаймын. Заттарым аз болса да, өмірден рақатты көбірек аламын. Орын аз болған сайын өмір де кеңейе түседі.
Сіздің үнемшіл емес, бейшара қайыршы екеніңіздің 10 белгісі
Кедейшілік тұзағы деген не және одан қалай құтылуға болады
Миллионерлерден қандай жақсы әдеттер үйрену керек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мұрат
Дұрыс айтылған! Керекті ақпарат! Сақтап алдым өзіме
Дина
Оте жаксы
Кеңес Р
Орынды айтылған