Қазақ прозасындағы жаңа сөз

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Қазақ прозасындағы жаңа сөз

Қазақ прозасындағы жаңа сөз — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Мадина Омарова — осы тақырыптарға байланысты.

Шығармашылығы оқырманға республикалық мерзімді баспасөз бетінен таныс, әдебиет кеңістігіне шыққанына шамамен оншақты жылдың жүзі болған Мадина Омарова негізінен әңгіме жанрында жазады. Жазу мәнерімен өз қатарластарынан мүлдем оқшау тұр.

Әңгімелері қысқа, кейде мүлдем қып-қысқа — миниатюра, этюд, суреттеме сияқты. Алайда көтерілетін мәселесінің тереңдігі мен өмірлік материалының ауқымдылығы жағынан өте салмақты болып келеді. Сюжеттің кең қанат жаймауынан ішкі бір үлкен қуат сезіледі. Мадина шығармалары — бүгінгі заман, бүгінгі замандас өмірі-тағдыры туралы. Кейіпкерлерінің әлеуметтік кодтары беймәлім, оларда уақыттық белгілер де мүлдем жоқ деуге болады, автор үшін ол маңызды емес. Ол үшін мүмкін маңыздысы — мына өмірдегі дисгармония. Шығармаларындағы ең басты лейтмотив — кейіпкерлерінің адамдар арасындағы жалғыздығы, өмірлеріндегі жайсыздық, бір-бірінен жан жылуын таппауы — қысқасы дегумандалған қоғамның кескін-келбеті. Мұның бәрін ол дағдылы, қалыптасқан өмір тәртібін бұзатын оқиғалардың драмалық жағдайларында да, күнделікті, кәдуілгі тыныс-тіршілікті бейнелей отырып та бағамдатады.

Кейіпкерлерінің небір жағдайлар қысымына түскендегі психикасының өзгеруіне, бір қарамаққа бақытсыздығына, олар Хичкоктағыдай «саспенс» ахуалына түскенде де (бірнеше әңгімесі және «Конъяк қосылған кофе» драмасы) жазушы тым бейтарап — оларды аяп-көз жасын төгіп жатпайды. Дей тұрғанмен тым тереңге жасырынған жанашырлықты, қатаңдау лиризмді түйсінбей қалмайсыз.

Оның шығармаларында тіпті деректік және көркемдік баяндау астасып кетеді де уақыттық кеңістіктің жүздеген шындығын береді. Сондықтан да онда әр кейіпкердің Жан тереңіндегі ӨЗ ШЫНДЫҒЫ бар — жазушы олардың әрқайсысының МҮМКІН ӘЛЕМДЕР СЕМАНТИКАСЫН жасайды. Бұл, әсіресе, «Ана-ғұмыр» мөлтек-романында айқын көрінеді. Мұнда алғашқы орынға автордың жеке көркемдік қолтаңбасы, оқиға болған жер және көрініске жеке қатыстылығы, яғни өмірді өнерлендіру шығады. Мұның барлығы да дәстүр мен постмодерннің арасындағы қарама-қайшылықты жоятын постреалистік жазудың машықтары дегім келеді.

Дәстүр мен жаңашылдықта еркін жүзетін, классика мен постмодернді бірдей меңгерген Постреализм — Адам тіршілігінің маңызы туралы мәселе қояды және көзге көрінетін «бей-берекеттен» «өзінің ғана әлемін» жасайтын, кейіпкер арқылы шешеді. Сондықтан да Мадина Омарованың прозасы — жаңа қазақ прозасындағы жаңа сөз деу керек.

Әлия БӨПЕЖАНОВА

Сыншы, мәдениеттану



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ прозасындағы жаңа сөз деген не?

Бұл бетте Қазақ прозасындағы жаңа сөз тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақ прозасындағы жаңа сөз материалы Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Мадина Омарова тақырыбындағы материалдар