Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде сабаққа үлгермеушілікті жою жолдары

Кожимова Бактыгуль Джамбуловна
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Мамандығы: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ғылыми жетекші: Қарсыбаева Райса Канабековна

Аңдатпа: Сабаққа үлгермеушіліктің құрамын зерттеу және оның алдын алу құралдарын негіздеу екі терминді қолдануды талап етеді: «үлгермеушілік» және «артта қалу».

Үлгермеушілік дегеніміз — оқу процесінің қандай да бір елеулі кезеңі — курстың, оқу тоқсанының, жарты жылдықтың, жылдың бір тақырыбын немесе бөлімін зерделеуге арналған сабақтар тізбегі аяқталғаннан кейін белгіленетін білім беру мазмұнының талаптарына оқушылардың дайындығының сәйкес келмеуі болып табылады.

Артта қалу — бұл оқу процесінің сол бөлігінің ішіндегі аралық кезеңдердің бірінде орын алатын талаптардың орындалмауы (немесе олардың біреуі), ол оқу үлгерімін анықтау үшін уақыт аралығы ретінде қызмет етеді. «Артта қалу» сөзі талаптардың орындалмауын жинақтау процесін және осындай орындалмаудың, осы процестің сәттерінің бірі әрбір жеке жағдайын білдіреді.

Үлгермеушілік пен артта қалу өзара байланысты. Бұл үлгермеушілік артта қалушылықтың нәтижесі болып табылады. Егер әр түрлі артта қалулар еңсерілмей және артқан жағдайда өз кезегінде үлгермеушілікке ұшырайды. Тапсырма — артта қалудың алдын алу және оларды жоюдан тұрады. Бұл сол үлгермеушіліктің алдын алу болып табылады.

Аннотация:
Исследование состава неуспеваемости и обоснование предотвращение требует использования двух терминов: «неуспеваемость» и «отсталость».

Неуспеваемость — это несоответствие подготовки учащихся требованиям содержания образования, которое устанавливается по окончании какого-либо существенного этапа учебного процесса-последовательности занятий для изучения одной темы или раздела курса, учебной четверти, полугодия, года.

Отставание — это невыполнение требований на одном из промежуточных этапов в учебном процессе (или один из них), он служит временным интервалом для определения успеваемости. Слово «отставание» означает процесс накопления невыполнения требований и каждого отдельного случая такого невыполнения, одного из моментов этого процесса.

Неуспеваемость и отставание взаимосвязаны. Эта неуспеваемость синтезируется отдельным продуктом отсталости, который является результатом отсталости. Различные отставания, если они не преодолены, увеличиваются, переплетаются и, в конечном счете, становятся неуспевающими.

Неуспеваемость является результатом отставания. Если различные отставания будут непреодолимыми и возрастающими, то в свою очередь приведут к неуспеваемости.

Задача — предотвращение отставаний и их устранение. Это предотвращение неуспеваемости.

Annotation:

The study of the composition of underachievement and the justification of prevention requires the use of two terms: «underachievement» and «backwardness».

Underachievement is a discrepancy between the preparation of students to the requirements of the content of education, which is established at the end of any significant stage of the educational process— a sequence of classes to study one topic or section of the course, academic quarter, half-year, year.

A backlog is a failure to meet requirements at one of the intermediate stages in the educational process (or one of them), it serves as a time interval for determining academic performance. The word «backlog» means the process of accumulation of non-fulfillment of requirements and each individual case of such non-fulfillment, one of the moments of this process.

Underachievement and lag are interrelated. This failure is synthesized by a separate product of backwardness, which is the result of backwardness. Various backlogs, if they are not overcome, increase, intertwine and, ultimately, become unsuccessful.

Underachievement is the result of lagging behind. If various backlogs are insurmountable and increasing, they will in turn lead to failure.

The task is to prevent backlogs and eliminate them. This is the prevention of failure.

Тірек сөздер: мектеп, үлгермеушілік, меңгеру, белсендіру, зейін, қабілет, бағдарлама, педагогика.

Ключевые слова: школа, неуспеваемость, овладение, активизация, внимание, способности, программа, педагогика.

Key words: school, academic failure, mastery, activation, attention, abilities, program, pedagogy.

Білім беру — оқушылардың оқуға қабілетін жақсарту мүмкіндігін беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені болып табылады. Оқытушы біліктілігі, жан-жақты ізденуі, сабақты қызықты өткізу арқылы оқушылардың сабаққа үлгермеушіліктерін азайтады. Үлгермеушіліктің азаюы мұғалімнің шеберлігі, сондай-ақ оқушының қызығушылығына байланысты. Ғылыми зерттеулер бойынша оқушылар білімді толық игеру үшін келесі факторлар әсер етеді: Біріншіден, балаға қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы; Екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы және ақыл-ой даму деңгейінің тежелуінен; Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы. Жалпы адамдар өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін тағы бір қасиеттердің бірі — ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілер тудырады. Осы қасиеттерге ие бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Сонымен бірге, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Тиісінше, осындай балалар сабаққа үлгерімеушілердің қатарында болды. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып қалады. Мектепте оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары бірдей болғанымен, оқушылардың білімді игеруде барлығы бірдей емес. Осыған байланысты, оқушылардың үлгерім көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі.

Білім беру орындарының басты міндеттері оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу құрамдас бөліктерінен тұрады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Сондықтанда, білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мағынасын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Балалардың білімді қабылдауына денсаулығына, ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты немесе психикалық дамуында ауытқу болуы сияқты әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін.

Ұстаздар үлгермеуші оқушылармен жұмыс ұйымдастыру бойынша жоспар құрайды. Жоспар бойынша оқу жылында үлгерімі төмен оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс кестесін құру, әр оқушыға жеке папка арнау, ата-анасымен үнемі байланыста болу, бірігіп жол іздеу, сондай-ақ, психолог, дәрігерлер, логопедтердің кеңесіне жүгінуге ата-анасына кеңес беру т.б. жұмыстар жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар бойынша ойлануы мен дайындалуына жеткілікті уақыт беріп жауаптарын жазбаша жазғаны жақсы. Бұл ретте, тапсырма берілген кезде қарапайым түсіндірмемен бастау қажет. Есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында мақал-мәтел, тақпақ оқытып, жаттатуда және заттарды визуалды көрсету тапсырмалар ұсынған дұрыс.

Сонымен қатар, оқушылар сабақта тақырыптарды жеңіл меңгеру, есте сақтауы және ойлануы үшін дүниетану пәні бойынша викториналық сұрақтар құрастырып, математика элементтеріне көңіл аудартып, пән аралық байланыс жасайтын тапсырмалар ұйымдастыру қажет. Өйткені, бала тақырыпты түсініп оқу, оқыған әрбір сөзін белгілі затпен, математикалық элементпен байланыстырса, оқығанының мағынасын жеңіл қабылдап, тақырыпты есінде сақтайды. Осындай бағыттағы тапсырмалар бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізу балалардың зейінін дамытуға және ашылып сөйлеуге дағдыландыруға әкеледі.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, үлгерімі төмен оқушылар үшін түсініп оқу, әрбір сөзді топтап, белгілі затпен байланыстыра білу міндет екендігін атап өтемін. Нәтижесінде, оқушының бойынан пәнге деген қызығушылығының артуы, өзіне деген сенімділігі, белсенділік, жауапкершілік, батыл сұрақтар қоюға деген талпыныстар сияқты оңтайлы өзгерістерді аңғаруға болады.

Балалардың артта қалуын, нашар оқуын болдырмау және алдын алу мақсатында балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, тәжірибесін кеңейтуге жұмыстар бағытталуы тиіс. Мектеп ортасы балаларға жалпы білім берумен қатар оларды жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, сондай-ақ, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Осылайша, балалардың мектепте оқу бағдарламасына сай алған білімдері ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тани білетін, өзін өзгелердің мүмкіндігімен салыстыра алатын тұлға болып қалыптасу үшін маңызды болып табылады.

Әдебиттер:
1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» // Егемен Қазақстан газеті 2012 жылғы 6 қыркүйек.
2. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). — Астана: Фолиант, 2012.
3. Бапаева М.К. Даму психологиясы. — Алматы, 2014.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз