Қуатты технологиялық мүмкіндіктерге жол ашқан бүгінгі заман «ақпараттық қоғам» деген атпен белгілі. Ақпараттық ұоғамның бір бөлшегіне айналған адам үшін әлемнің қайсібір түкпірінен жаңалық іздеу немесе сол жаңалықпен танысу бүгінгі күннің еш қиындықсыз атқарылатын қызметтерінің бірі. Дегенмен, әр елдің заңы басқа демекші, сол ақпаратты тарату мен таныстыруда кез келген мемлекет өз мүддесін қорғайтыны сөзсіз. Ғаламдану үрдісі қарқын алып бара жатқан тұста әлемдік ғаламтордың бұғауында қалмау үшін де ақпараттық қауіпсіздік мәселесін ұмытпаған жөн.
Бұл дегеніміз – интернеттің ұлттық тілде хабарлаушы функциясы бұрынғыдан да қарқынды жүріп, соны жаңалыққа сусап отырған аудиторияның тұтынушыға жеделділік, нақтылық нақтылық пен шыншылдылық тұрғысындағы қояр талабы бұрынғысынан да көбейеді деген сөз.
Бүкіләлемдік байланыс – ғаламтордың біздің елге келгеніне де 15 жылға жуықтапты. Осы уақыт аралығында ғаламдық жүйе тек ұлттық және мемлекетаралық шекараны ашып қана қоймай, ол біздің ақпарат дәуіріне еркін кірігіп кетуімізге айтарлықтай жағдай жасады. Расында, интернеттің көмегі, әсіресе отандық БАҚ пен билік, түрлі коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі үшін зор қолғабыс болды. Бірақ ел аумағында аясын жыл сайын кеңге жая түскен әлемдік тілдесудің осы бір ғажайып бөлшегін ұлттық менталитет, бизнес, шығармашылық тұрғысынан әлі де болса ұтымды пайдалана алмай келе жатқанымызды байқаймыз[33,49].
Біз отандық блогингта ұлттық тілдің деңгейі қандай дәрежеде екенін білмейінше, жете зерттемейінше, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді халықаралық ауқымда дамытамыз деп айта алмаймыз.
Ғалымдардың пайымдауынша, адамзат өмірі үш түрлі кеңістікте өтеді. Олар: энергетикалық, гравитациялық және ақпараттық. Қандай да бір жүйенің екіншісіне қарым-қатынасы ақпарат алмасумен тығыз байланысты. Яғни, адам баласы қашан да түрлі жаңалықтарды бір-бірне жеткізіп отырған. Осының нәтижесінде жүйелі ақпараттық байланыс орнады.
Қазақ тілді интернеттің қызметін зерттеп, зерделеп отыру аудитория үшін де, мамандар үшін де маңызды іс болмақ.
Жаңалықтар топтамасындағы мобилды журналистикада ұлттық болашағы қандай болуы тиіс деген сұрақ қазақ интернеті дамуымен өзекті тақырыпқа айналды десек, қателеспейіз. Бұл тақырып жөнінде электронды БАҚ-ты зерттеуші ғалымдардан бастап, теориялық журналистиканың тетігінде отырған жас мамандарға дейін қалам тербеді. Себебі, мобилды журналистиканыңдамуы – қоғамның талабы еді.
Жаңалықтар топтамасындағы мобилды журналистикада теориялық- тәжірбиелік келелі мәселелерін жан-жақты зерттеу қажеттілігі өмірдің өзінен туындап отытр. Ресмиленген, белгілі бір қалыпқа салынып жазылған жарияланымдар азая бастаған шақта жарияланымның тілі мен стилі, ақпаратты жеткізу тәртібі формасы тәрізді мәселелерді зерттеу кең ауқымды жұмыс болары түсінікті.
Бүгінде жаңалықтар топтамасындағы мобилды журналистикада ақпараттық технологиялар маңызы жағынан мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуда. Бұл – уаұыт талабы, өйткені, тарихи тәжірбие өндірістік құндылықтарды алмастырудан қашып құтыла алмайтынымызды айғақтап отыр. Егер көптеген өркениетті елдер, олардың ішінде Еуропа мемлекеттері де бар жахандық ауқымда алып қарағанда, аталған сала бойынша ілгері дамып кеткенін ескерсек, бізге де әркез тек қуып жетуге тырысушылар ретінде жүрмес үшін ақпараттық технологиялар әлеміне енуді осы бастан ойлауымыз керек.
ХХІ ғасырда жахандану үрдістерінің негізгі қозғаушы күші жаңа технологияларды күрт дамыту болып табылса, оның әлемді ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған өндірістік төңкеріс жасағаннан да көп өзгертуге қабілетті екенін нақты түйсінудің маңызы зор.
Ұлттық жаңалықтар топтамасындағы мобилды журналистикада осы күні республикадағы өзгерістер мен жаңалықтарға ықпал етуге және өззін-өзі қайта құруға бет бұруы тиіс. Интернет қоғам санасына әсер етіп, ұалың бұқарамен рухани –ақпараттық байланыста болғандықтан, ол қоғамдатыға көтерілген тұтынушының жаңа көзқарастарға сай ақпарат берудің соңы мүмкіндіктері сөз болады.
Бүгінгі күн блогсферада ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді не үшін дамыту крегін түсіндіру – басты мақсатымыз. Өйткені, қазіргі тұтынушының руханиаық даму мен қозғалыстардың бейнесі бола отырып осы үрдістерге сай өзі де өзгергені жөн. Яғни өзгерген қоғамда талап тілегі де жаңа сатыға көтерілген тұтынушының жаңа көзқарастарына сай ақпарат берудің соны мүмкіндіктері сөз болады.
Бүгінгі күні блогингта ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді не үшін дамту крегін түсіндіру – басты мақсатымыз. Өйткені, қазіргі тұтынушының рухани қажеттілігі мен талабы, ақпаратқа сұранысы мен талғамы, саяси мәдениетінің деңгейі өскен. Осыған байланысты жаңалықтар топтамасындағы мобилды журналистикада қазақша сайттар мен форум, блогтардың саны көбейіп, жарияланымдардың сапасы жоғарылай бастады. Бұл өзгерістің өзі БАҚ-тың дамуындағы жаңалықтар топтамасындағы мобилды журналистикада рөлі туралы белгілі бір талдау жұмысын жасауды талап етеді.
Отандық интернеттің болашақта қандай үлгіде даму керегін, оның әлемдік ақпараттық бәсекелестікте өз орнын қалай табу және мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытудағы оның рөлін талдау – баршамыздың міндетіміз болып табылады.
Бүгінгі жыл санауымыздан 700 жыл бұрын Грекияда ең маңызды жаңалықтардың бірі – әліпби пайда болды. Бұл концептуалды технология батыс мідениетң мен өркениетінің күрт дамуына септігін тигізді. Тарихи ауқымдағы технологиялық төңкеріс бұдан кейін талай жыл өткен соң жасалды, яғни, коммуникацияны интерактивті ақпарттық желілер арқылы таратуға қол жеткізді. Электронды коммуникацияның жаңа жүйесі, соның ішінде интернеттің пайда болуы адамзат баласына жаіа мәдени бағытқа қадам басыуына жол ашты.
1990-1994 жылдары елімізде интернет дамуының алғашқы парағы ашылды. 1990 жылдың 28 тамызында И.В.Курчатов атындағы атом энергиясы институтында кәсіби ғылыми желі ашылды. Ол сол жылы әлмдік желімен байланыс орнатты. 1990 жылдың 19 ұыркүйегінде бірінші деңгейдегі доменмен тіркелген Кеңес одағының желісі ИнтерНИК ақапарттық желісі арқылы әлемге байланысқа шыол жылдардан бастап ТМД көлеміндегі кез-келген республикалық маңызы бар қаладан осы желіге қосылуға болатын еді. Желі спринт интернэшнал корпорациясым мен РФ байланыс министрлігі бірлескен жоба негізінде өмірге келген[34,98]. Енді отандық интернеттің тарихы туралы. Негізінен, қазақстандық интернеттің «туған күні» ұашан деген сұраққа екі жауап бар, солардың әр қайсысына толығырақ тоқталып кетейік. 1991 жылы алматылық «Парасат» фирмасының базасында «Релком» желісінің аймақтыұ түйіні дүниеге келді. Оның көмегімен елімізде тұңғыш рет электронды пошта пайда болған. еді. Электронды поштамен салыстырғанда интернет жүйесіне арнайы тіркелген электронды ақпартты өкілдердің көптеген артықшылақтары бар.
Вебсайттың электронды поштаға қарағанда мүмкіндігі жоғары. Бүкіләлемдік торапқа тіркелген жоғарғы және төменгі домендік адрестерді топтастырады. Вебсайттардың көмегімен түрлі емлекеттердің тарихы, экономикасы, мәдениеті т.с.с. жайттардан бастап жер шарының түкпіріндегі жеке адамдарының өмірбаянығ кәсібі, отбасылық жағдайы туралы мағлұматтар алуға болады, Бұл орайда электронды поштадағыдай ақпарат иесінің келісімін алудың қажеті жоқ, Интернетке шығарылған ақпарат ерікті және ашық деп саналады. Ол ақпаратты кез келген адам пайдалана алады.
Қазақстанда алғашқылардың қататарына вебсайт ашуға белсене кіріскендердің бірі бұқаралық ақпарат құралдары болды. Бұл түсінікт де. Қай газет-журнал болмасын, оқырмандар аудиториясының үнемі кеңейіп, өсіп отыруына мүдделі. Интернет ешқандай қашықтыққа қарамай газет пен оқырманның, радио мен тыңдаушының бір-бірімен тығыз әрі белсенді қарым-өатынас орнатуына мүмкіндік берді. Шетелдердегі және ТМД елдеріндегі мыңдаған отандастарымыз алыста жүріп қазақстандық басылымдарының жаңа нөмірлерін оқи алатын жағдайға жетті. Қазақстанда шығатын газеттердің электрондық нұсқалары күн өткен сайын көбейіп келеді. Интернет желісіне енген қазақстандық 75 қоғамдық саяси ақпарат таратушы мекеме бар екен. Оның ішінде бір баспасөз клубы, төрт ақпарат агенттігіі, 17 теле-радио арна, 26 газет-журнал тіркелген.
Интернетте орналасқан қазақстандық өзге электрондық газеттердің барлығы да тәуелсіз басылымдар. Олардың арасынан «ХХІ век», «АиФ Қазақстан», «БОСС», «Время по Гринвичу», «Деловая неделя», «Караван», «Комсомольская правда», «Панорама» сияқты өзіндік бет-бедері бар ірі газеттерді көруге болады. Сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларында, облыс орталықтарында шығатын «Информ-вестник», «Лада ТВ», «Эврика», «Наше дело», «Панорама Шымкента», «Твой шанс», «Энергия Казахстана», «Устинка», газеттерінің және «Энергия Казахстана» журналының электрондық нұсқалары бар. Төл интернет жүйеміздегі қызметтің тырнақалды жетістіктерін осылайша әр қырынан тізбелеп шығуға болады.
Қазіргі таңда қазақстандық сайттардың ең толық тізімі «веб қазақстан» сайтында орналасқан. Интернет пайдаланушылардың арасында аса танымалдары – негізінен іздеу салу қызметтері.
Әдетте, іздеу серверлері сондай-ақ жаңалықтар ленталарын да қмтиды. Әзірге мұндай сайттардың ішінде айтарлықтай бедеге ие болып отырған «газета кз». Ресейдің осы аттас сайтының қазақстандық нұқсқасы боп табылтаын «газета кз» - әуелден қағаз баламысы жоқ, таза жүйелік ақпараттар сайты. Онда жарияланатын ақпарат топтамасы күнделікті жаңартылып отырады. Тілі – бейресмиге жақын.
Ақпарат агенттіктерінің сайттары да жаңалықтар лентасыан ұсындаы. Бұл тұрғыда Казинформ, Интерньюс Казахстан сайттарының беделі айтарлықтай. Сайтатарда жарияланатын ақпараттар өте жедел әрі маңызды. Қазақстан көлеміндегі жаңалықтарды ұснуды алуандықты танытады. Сайттардың тңлң ресми, кейде хаттамалық. Талдамалы ақпарат жарияланатын сайттар негізінен оппозициялық сарынға бөленген. Олардың қатарында, номад кз, ТАБУ.нурсат.кз, казахгейт ті атауға болады[35,15].
Сайтттарда жарияланатын материалдардың фактілері сенімсіз, ал тілі тұрпайылау келеді. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге келгенде қауқарсыз болып қалады. Яғни, өз жеткізе алмағандықтан, оның барлығын өсек ретінде қабылдайды.
Ресми талдамалы материалдар кісі.кз сайтында жариаланады. Сайт материалдары екі тілде – өкінішке орай тек орысша жіне ағылшынша ұсынылады. Дизайны өте қтымды жасалған Қазақстан стратегиялық Зерттеулер институтының біетінде республикадағы және халықаралық басты жаңалықтар азылады. Сондай-ақ мұнда өзекті мәселелерге қатысты талдамалы материалдар орналасқан. Флеш-технологиларды тиімді пайдалана отырып, сайтты жасаушылар оның тартымдылығын арттыра түскен.
Чаймердан Назерке
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі