МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) туралы кішкене мәлімет — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.
Материал — мәліметтер қоры, деректер қоры, sql, деректер қоры тарихы — осы тақырыптарға байланысты.
Мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау және оларды өңдеу (алу, өзгерту, мәліметтер қосу т.с.с) мәселесі, бірінші компьютерлер ойлап табылғаннан бастап-ақ күн тәртібіне қойылды. Осы мәселені шешу мақсатында 20-ғасырдың 60-жылдарының соңғы жағында МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) деп аталатын арнайы программалар жазыла бастады.

МҚБЖ өзінің даму жолында файлдарды басқару жүйесінен бастап, иерархиялық және жүйелік мәліметтер қорын басқару жүйелерін басынан өткерді. Сөйтіп өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында барлық жерде «Релациялық Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі» кең қолданыла бастады. Әр МҚБЖ өз сұрау тіліне ие еді, бұл жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін SQL (Structured Query Language) деп аталатын бір тіл жасалды. Бұл тіл арқылы релациялық мәліметтер қорындағы мәліметтер басқарылады.
Мәліметтер қоры мен МҚБЖ-ларды бір-бірімен шатастырмаған жөн. Мәліметтер қоры МҚБЖ-лар көмегімен басқарылады. Осы басқару барысында SQL тілі қолданылады. Дегенмен, көбінесе Мәліметтер Қоры деп МҚБЖ-ларды атайды.
1. Файлдарды басқару жүйесі
2. Иерархиялық
3. Жүйелік
4. Релациялық
5. Объектіге бағытталған
6. Гибридті
DNS-кешті қалай тазалау керек және бұл не үшін қажет
Бұл бетте МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) туралы кішкене мәлімет тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) туралы кішкене мәлімет материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Ерсин Набиев
Керемет тусиникты жазылган
Аяна
Өте пайдалы мәлімет