DNS-кешті қалай тазалау керек және бұл не үшін қажет

Басты бет / Ақпараттық технология / DNS-кешті қалай тазалау керек және бұл не үшін қажет

DNS-кешті қалай тазалау керек және бұл не үшін қажет — Ақпараттық технология тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Егер сізде сайттардың ашылуында қиындықтар туындаса, келесі әдісті байқап көріңіз.

DNS-кеште сіз кірген сайттың IP-мекенжайы болады. Ол сайтқа қайта кірген кезде тезірек жүктелу үшін керек. Егер сайт дұрыс көрінбесе немесе жүктелмесе, онда барлық мәселе компьютеріңіздегі DNS-кештің ескірген мәліметтерінде болуы мүмкін. Қуанышымызға орай, оны тез түзетіп алуға болады.

Windows

1 - Win + R пернелерін басыңыз.

2 - Ашылған мәзірде cmd деп жазыңыз.

3 - Бұйрық жолы ашылған кезде ipconfig/flushdns  деп енгізіп, Enter пернесін басыңыз.

4 - Содан кейін «DNS салыстырушының кеші сәтті тазартылды» деген жазу шығады.

OS X

Apple-дің операциялық жүйесінде барлық бұйрықтар «Терминалға» енгізіледі. Оған ең оңайы Spotlight арқылы кіру: оң жақ жоғарғы бұрыштағы іздеу белгішесін басыңыз.

Оны басқаша табуға да болады: Finder-ді ашыңыз → «Бағдарламалар» → «Утилиталар» → «Терминал».

Енді бұйрықтарды көрсету керек. Ол сіздегі операциялық жүйенің нұсқасына байланысты.

- High Sierra: sudo killall -HUP mDNSResponder; sleep 2; echo macOS DNS Cache Reset;

- El Capitan: sudo dscacheutil -flushcache; sudo killall -HUP mDNSResponder;

- Yosemite: sudo dscacheutil -flushcache;sudo killall -HUP mDNSResponder;

- Mavericks: dscacheutil -flushcache;sudo killall -HUP mDNSResponder;

- Lion & Mountain Lion: sudo killall -HUP mDNSResponder;

- Leopard: dscacheutil -flushcache;

- Tiger: lookupd -flushcache.

Осыдан кейін құпиясөзді енгізіп, macOS DNS CacheReset деген жазуды күту ғана қалады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ақпараттық технология бойынша басқа мақалалар DNS бойынша мақалалар кеш бойынша мақалалар IP-мекенжай бойынша мақалалар сайт бойынша мақалалар