Корейская косметика премиум класса

Қазақтілді пайдалы сайттардың тізімі

Қазақтілді пайдалы сайттардың тізімі:

Qamshy.kz – «Қамшы» ақпараттық агенттігі

Аудитория: Үш әліпбиде(латын, крилл, төте) әлем қазақтарына ақпарат таратады.

Айдарлар: Экономика, көш, тарих, саясат, әлеумет, өнер, денсаулық.

Massaget.kz  – танымдық, ойын-сауық порталы қазақтілді интернетсүйер қауымның дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу мақсатымен және қазақ, орыс тілін меңгерген не қазақ тілін үйреніп жүрген қолданушылар үшін жұмыс істейді.

«Мемлекеттік  тілді дамыту институты» ЖШС мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға өз тарапынан үлес қосу үшін құрылған. Негізгі қызметі :
– Орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге аудармалар жасау. Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу, лингвистикалық кеңестер беру;
– Жеке адамдарға, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрететін деңгейге бөлінген топпен және жекелей оқытатын курстар ұйымдастыру;
– Тіл үйрететін, қазақша іс жүргізетін, аудармамен айналысатын мамандарға арнап біліктілігін арттыру курстарын жүргізу, курстарды сәтті аяқтағандарға сертификаттар беру.

«Балалар әлемі» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым. Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шешендік өнер мен даналық сөздер, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегілер мен ғибратты оқиғалар, ғылым және қызықты жануарлар әлемі, денсаулық, спорт, жеміс-жидектер мен жаңа заман технологиясынан шағын ақпараттар, қолөнер жұмыстарын жасауды үйрету, қалалар мен дүние жүзіне саяхат, әзілдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, әр түрлі сөзжұмбақтар тұрақты жарияланады.Жазылу индексі : 74722

«Егемен Қазақстан» газеті

КерекИнфо - әлеуметтік желілердің блогтарға негізделген түрі. Ақпараттық порталдың құрамдас бөліктері: блогтар, қауымдастықтар, пікірлер.
Сізге тіркелгенен кейін берілетін мүмкіндіктер:
- Мақалаларға пікір жазу - Қауымдастықтарға қосылу - Блог бастау - Блогқа мақала жазу - Сауалнама бастау - Сілтеме бөлісу - Мақала, блог, қолданушы рейтингтеріне баға беру.

islamdini.kz - Ислам діні жайлы тек Әһли сүннет (төрт хақ мазһаб) ақидасы бойынша мәлімет беретін сүннит сайт.

asmaziri.kz - тағамдарың дәмді мәзірлері.

Сұрақ-Жауап сайты – түрлі тақырыпта сұрақ қойып және ол сұрақтарға жауап алу мақсатында қазақ тілді интернет қолданушылар үшін 2010 жылы 10 қазан айында (10.10.2010 ж.) ашылды.

baq.kz - жаңалықтар сайты

namaztimes.kz - Қазақстан қалаларының намаз уақыттары

«Жас Өркен» танымдық порталы

www.it-tirlik.kz Жаңа технология туралы ақпараттық-танымдық журнал

www.qazaquni.kz - ұлттық портал


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз