Өлең, жыр, ақындар

Қызықты статистика!

2019 жылы Қазақстанда 1 тұрғынға тәулігіне орташа 79 литр су құбыры суынан жұмсалды, оның ішінде ең көп саны Маңғыстау облысының тұрғынына – 141 литр суды құрайды, ең азы Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындарына орташа есеппен -47 литр жұмсалды ( сумен жабдықтау кәсіпорындарының деректері бойынша).

2019 жылы Қазақстанда әрбір 31 минут сайын ЖКА болған, әрбір 3 сағат 38 минут сайын - бір адам қаза тауып және 23 минут сайын - бір адам ЖКА салдарынан жараланған.

Қазақстан Республикасында мынадай ерекше есімдер кездеседі - Құдрет, Ізқұтты, Нұр-әдеп, Ақмамық, Ақкөгершін, Ақтаңым, Үкіліайару, Падишах. Ұлы Хандармен байланысты - Әбілқайырхан, Абылайхан, Ақназар хан, Жүсіпхан, Кенесарыхан, Керей хан, Құбылайхан, Қарахан, Қасымхан.

2019 жылға бөлшек саудада Интернет арқылы тапсырыс беру саны 2016 жылмен салыстырғанда 68,4%-ға өсті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз