Өлең, жыр, ақындар

Зәмзәм суының қасиеті мен ерекшеліктері туралы мәлімет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлімдеуінше әлемнің ең пайдалы суларынан болған зәмзәм суының көптеген сырлары, қазіргі технологияның дамыған заманның өзінде де ашыла қойған емес.

Бұлағы табылмаған судың теңізден 80 километр алыста болса да және айналасында басқа ешқандай құдықтар болмаса да ғасырлар бойы суы сарқылмай тұруы зерттеушілерді таң қалдыруда. 1,5 метр тереңдікте болған құдықтан қажылықта миллиондаған қажылар су ішсе де, судың деңгейі еш азаймайды.

Европада лабораторияларда жасалған зерттеулер нәтижесінде зәмзәм суының құрамында өте аз мөлшерде күкірт бар екені анықталды. Ал АҚШта жасалған тест нәтижелері бойынша құрамында микроорганизм және бактерия жоқ су екендігі анықталды. ДДСҰ тарапынан зәмзәм суы әлемдегі ішуге болатын және  денсаулыққа пайдалы ең жақсы су ретінде жарияланды.

Қағба және Зәмзәм суы

Қағбаның орны ұмытылған жылдардың бірінде Ибраһим алейһиссалам Хажар анамызбен ұлы Исмаилды алып, қазіргі Қағба тұрған жерге келеді. “Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды” деп бұрылып кетеді. Хажар анамыз тәуекел етіп әмірге мойын иеді де “Раббым бізге жеткілікті!” дейді. Жандарында бір шөлмек су және 3-5 дана құрма бар еді. Оның үстіне Исмаил әлі нәресте еді. Хажар анамыз бір нәрсе табуға үміттеніп Сафа төбешігіне шығады. Бірде бір ағаш, қураған шөп те жоқ болады. Кейін Мәруа төбешігіне шығады.

Қайтып келгенінде ұлын таппай қалады. Қатты абыржыған күйде қайтадан Сафа және Мәруа арасында ыстық күн астында 7 рет қиналып жүгіріп жүреді. Кейін тәтті дауыс естиді. Алдынан айдай жарқыраған Жәбрейiл алейһиссалам көрінеді. Осы таңданыста Хажар анамыз ұлын көреді. Сүйкімді сәбиінің аяқтарының астынан мөлдір су шығып жатқанын көріп, суды бір жерге жинағысы келеді. Бір жағынан судың айналасын бекітіп бір жағынан шөлмегін толтыруға тырысады. Мәнсіз абыржыған үнмен “Зәм” (тоқта) дейді. Тіпті “Зәм!.. Зәм!..” деп айқайлап жібереді. Жәбрейіл алейһиссалам күлімдейді. “Қоя бер, ақсын! Бұл су үнемі ағады, еш таусылмайды.” дейді.

Бұл суға көшпенді тайпалардың назары ауады. Соңында Жүрхумилер Хажар анамыздан рұқсат алып, Қубайс тауының етегіне қоныстанады. Осылай қасиетті жер қалаға айналып аты Мекке деп аталады.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

“Қасиетті Зәмзәм суы мүбәрәк.”

“Қасиетті Зәмзәм ішкенді тойғызады.”

“Жер бетіндегі құдықтардың ең қайырлысы Зәмзәм құдығы.”

“Қасиетті Зәмзәм қандай ниетпен ішілетін болса, шипасы сол үшін болады.”

Зәмзәм суын қалай ішеді?

Зәмзәмді ішетін кезде қыблаға қарау керек. Бисмиллә айтып түрегеп тұрып және тойғанша ішу керек. Ішу кезінде үш рет дем алынады. Дұға ету керек және соңында шүкір ету керек. Зәмзәм суын ішіп айтылған дұға қабыл болады.

Әр тауаф еткеннен кейін зәмзәм суын ішу мүстаһаб. Миллиондаған қажылар ішіп, жуынып, елдеріне алып кетеді. Су насостарымен күні-түні тартып жатқанымен бітпейді. Зәмзәмнің жер жүзіндегі сулардың ең нәзігі ең үстемі екендігі білдірілген.

Мүбәрәк зәмзәм суының қасиеттері:

♦ Сулардың ең жұмсағы және ең үстемі. Қасиетті зәмзәм ішкен адамды тойғызады.

♦ Шөлдегендер ішсе суға қанады.

♦ Ішкен аурулар шипаға қауышады.

♦ Пайғамбарымыздың жүрегі жуылған су.

♦ Зәмзәмді ішу сүннет.

♦ Қанғанша ішу, екіжүзділіктен сақтайды.

♦ Қандай ниетпен ішілсе де шипасын көреді.

♦ Ішетін кезде қыблаға бұрылады.

♦ Бисмилләһ айтып тойғанша тұрып ішеді.

♦ Ішер кезде үш рет дем алады.

♦ Тауафтың соңында ішу мүстаһаб.

♦ Құрамында микроб, бактерия жоқ.

♦ Құрамында күкірт өте аз.

♦ Кальций және магний тұздарының мөлшері көп.Мүктер мен паразиттер жоқ.

♦ Мыңдаған жылдар бойы қанша ішілсе де және қаншама сыртқа әкетілсе де азаяған емес.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (25)

Әдемі

Керемет ақпарат! Жаңадан білген қызықты мәліметі бар. Тамаша акпарат үшін үлкен рақмет!

Аяжан

Өте күшті ақпарат нагыз маган керек ақпарат

Жансая

Зəмзəм су өте шипалы су екен . Бұл ақпарат қызықты екен

Жансая

Бұл қызықты мәлімет екен

Мержан

Зәмзәм суы туралы даусы малимет алдым тағыда басқа малимет шығара бер

Амангул

Сыздерге коп-коп рахмет

Арман

Рахмет

Еңлік

Күшті екен маған ұнады

Акбота

Рахмет апаиыма коп малмет алдым

Myrza

Өте керемет

Бауыржан

Өте керемет

Бекарыс

Өте керемет жақсы екен. Маған көп көмегі тиді.Сіздерге рахмет.

Диас

Зәмзәм суы әлемдегі ең таза су екенін білдім

Диас

өте керемет

Алтынай

Нағыз керекті ақпарат екен.Көп көп көмегін тигізді.Үлкен рахмет.

Аруна

Замзам суы туралы акпарат отец кызыкты екен . Рахмет

Анар

Өте керемет.Жаңа мәліметтер білдім.

Алима

Зәмзәм суын қайдан алуға болады екен деп бір күні мешітке бардым ораза айттан кейін бір жастау жігіт отыр екен аздап дүниеден өткендерге құран оқыттым да зәмзәм суын сұрадым біз сатамыз мың теңгеден деді 50,60 тай баклашкада тұр екен осының бәрін сол Меккеден алып келдіме деп ойладым да біреуін сатып алдым. Үйге келіп ашсам әшейін ақ бұралып ашылып кетті. Ешқандай да зәмзәм суы емес кәдімгі ауылдың сулары. Менімше алдап сататын сықылды.

Нұрбұлан

Мә күшті екен казак тілінен үй тапсырмасын орындап алдым

Айми

Ма күшті Қазақ пәнінен 5 алып кеткен сын го

Гүлназ

Зәмзәм суын басына ішіп көргендер бар ма? Дәмі қандай?

Ерлан

Мен барған жоқпын бірақ ішіп көргем

Аруна

Құрамын зерттеп көргендер бар ма?

Мәлік

Мұздай ішсең де тамағың ауырмайды ,Меккеде мешітте жылысы да болады,тойғанша ішесің керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз