Өлең, жыр, ақындар

Әлемді өзгерткен Пандемия

Адамзат коронавирус сияқты індеттермен ерте замандардан бері күресіп келеді. Осыдан бір ғасыр бұрын орын алған "испан тұмауыда" әлемде қаншама адамның өмірін жалмады. Тарихта безгек, шешек сияқты жұқпалы ауруларда болды. Оларда қаншама адамның өміріне қауіп төндірді. Коронавирус – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Вирусты микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына да адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген тұрғындар болды. Кейін әлемге тарап, біздің елге де жетті. Демек, бұл дерттің тарихы ұзақ, құрамы күрделі, зақымдауы күшті болған.

Короновирус жалпы адамзатқа зияны, жұқпалы, зиянды тұмау ретінде тіркелген. Осындай көп түрлі қорқынышты аурулардың қосындысы болғандықтан әлем бұл аурудың вакцинасына, еміне, алдын алу шарасына дайын болған жоқ. Сол үшін бүкіл әлемдік алапат ретінде тіркеліп отыр. Демек мұның қиындығы күрделі екендігінде. Былайша айтқанда, қорқынышты бір ғана дерт емес, қорқынышты 5-6 аурудың жиынтығы болып, адамзатқа үрейлі алапат әкеліп отыр. Мейлі оны кім жасасын, біреулер айтады: «Америка жасады» деп, біреулер айтады: «Қытай жасады» деп. Бірақ кім жасасада адамзатқа әкелген осы ғасырдың ішіндегі үлкен алапат дерт. Осындай күрделі, тосын, көп түрлі қоздырғыштығы осы реткі коронавирустың жалпы бұрынғы ауруларға ұқсамайтындығында. Расында да әлемдік алапат деп есептейміз.. Бұл коронавирус жөніндегі жалпы тұжырым әлемдік пандемия болып саналды. Ал біздің Қазақстанда коронавирус қаншалық дамыды, яғни қаншалық жұқты дегенде біздің Қазақстан бойынша бүкіл мемлекет бойынша әрбір облыс, әрбір аудан, әрбір ауыл аман қалған жоқ. Барлық жерлерге таралды. Тіпті мынау пневмония (өкпе қабынуы) не болмаса тұмау деп қабылдадық. Әйтеуір біздің халқымызға өкпе қабынуы және тұмау болып келді. Ал зардабы ешқашан сол коронавирустан кем болған жоқ. Біз короновирустың атынан қорқамыз. Шынында өкпе қабынуыменен тұмау коронавирустың зиянынан ешқандай төмен болған жоқ. Халқымыз қаншама зиян шекті, қаншама экономикалық дағдарыс болды, қаншама жақсы адамдарымыздан, жастарымыз, қарттарымыз осы аурудан көз жұмды. Пневмония дедік, өкпе қабынуы дедік, тұмау дедік , әйтеуір атын солай қойдық. Бірақ бұл әлі дәлелденген жоқ.

Талғар ауданы Еркін ауылы №26 ЖББОМ. 11 сынып оқушысы Қыдыралы Милана Дастанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз