Өлең, жыр, ақындар

Аллаһ бар

Бір кісі сақалын алдыру үшін шаштаразға барады. Орындыққа жайғасып сақалын алдырып отырып әңгімелесе кетеді. Әртүрлі тақырыпта сөз қозғалып, сөзден сөз шығып, бір мезетте Аллаһ, дін туралы әңгіме ашылады. Сонда шаштараз айтады:

— Мен сен айтқандай Аллаһқа сенбеймін. Егер Аллаһ бар болғанда мұншалықты дерт қиыншылықтарға душар, өмірі машақатқа толы адамдар болмас еді. Тастанды сәбилер, жесірлер болмас еді. Аллаһ бар болғанда ешкімге қиыншылық тарттырмас еді...

Келген кісі қажетсіз пікірталасқа кіргісі келмегендіктен үндемей қоя салады. Сақалын алдырып болған соң орнынан тұрып терезеден сыртқа қарайды. Дәл сол мезетте сыртта шашы сақалы өсіп кеткен адамды көреді. Шаштаразға қарап:

— Білесің бе? Меніңше шаштараз деген нәрсе жоқ, — дейді.

— О не дегеніңіз? Жан-жақтың бәрінде шаштараз қаптап тұр.

— Жоқ. Өйткені шаштараз бар болғанда көшеде шашы өсіп кеткен адамдар болмас еді.

— Алдыңызда тұрмын емес пе шаштараз болып, олар маған келмесе, менің не жазығым бар?

— Өте дұрыс айттың! Сөздің түйіні де осы жерде. Аллаһ бар, ал адамдар оған бет бұрмаған болса, бұл Оған бұрылмағандардың таңдауы. Дүниеде мұншалықты дерт қиыншылықтардың болуының себебі де осы... Сондай-ақ сен айтқан дертсіз, қиыншылықсыз, ұрыс-керіссіз, машақатсыз өмір жәннатта болады. Бұл дүние — сынақ...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз