— Әйелді табағынан байқа, баланы талабынан байқа.
— Қыз бақыты қырық құрақ.
— Әйелге ана, балаға дана деп қара.
— Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы.
— Қызда қылық жоқ деме, момында былық жоқ деме.
— Әр әйелде болады мың сан қылық. Қылықтың ең жаманы жасандылық.
— Кербез қыз қартайғанын сезбейді.
— Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі.
— Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
— Аналар туып жатқанмен, даналар күнде келмейді.
— Жақсы болса алғаның үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның шын досың да шеттейді.
— Ердің жақсысы елімен ойласады, Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.
— Жақсы келін құрдасыңдай болар, Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
— Суды құмбөгейді, дауды қыз бөгейді.
— Ердің асылы күшімен білінеді, Әйелдің асылы ісімен білінеді.
— Білімді әйел басыңа қарайды, Білімсіз әйел жасыңа қарайды.
— Ай мінбей атыңды мақтама, Жыл тұрмай жарыңды мақтама.
— Әйел жерден шыққан жоқ, Ол да еркектің баласы.
— Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел оның анасы.
— Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.
— Асығу-баланың ісі, Аттандыру-ананың ісі.
— Бақ қонатын адамның ұлы текті, қызы көрікті.
— Ақылды туған қыз, батыр туған ұлмен тең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі