15 қараша – Ұлттық валюта күні — Тарих бөліміндегі материал.
Материал — 15 қараша, Ұлттық валюта күні — осы тақырыптарға байланысты.
15 қараша — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің туған күні. Бұл дата 1997 жылдың 15 қарашасынан бастап теңгенің туған күні әрі қаржыгерлер күні болып атап өтілуде.
Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енді. Осы арқылы қолданыста болған кеңестік рубльдің тарихына нүкте қойды.
Жас мемлекет үшін бұл шешім оңайға соқпады. Жалпы, теңге мемлекеттік құпия ретінде саналып, астыртын жүзеге асты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
— 7 миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. Төрт «ИЛ-76» ұшағын жалдап, ақшамыздың 60 пайызын тасып алдық. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қоймаларын жасатып қойдық, — деген болатын.
Ұлттық валюта атауын таңдау барысында көптеген пікір қайшылықтары орын алды. Мамандар «Алтын», «Ақша», «Сом», «Тәнга» нұсқаларын ұсынды. Бастапқыда «Сом» деп атау жоспарланған еді. Дегенмен, 1993 жылы қырғыз сомы айналымға енгеннен соң, бұл есімнен бас тартты. Ал «Теңге» атауын академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Ғалым ортағасырлық түріктер күміс монеталарын «денге» немесе «тәнга» деп атағанын ортаға қойды.
Алғашқы банкноттар Ұлыбританияда басылып шықты. Банкноттар бір апта бойы ұшақпен Қазақстанға жеткізілді. Бас-аяғы 18 рейс жасалды.
Алғашқы банкноттарда:
1 теңгеде — әл-Фараби
3 теңгеде — Сүйінбай
5 теңгеде — Құрманғазы
10 теңгеде — Шоқан Уәлиханов
20 теңгеде — Абай Құнанбайұлы
50 теңгеде — Әбілқайыр хан
100 теңгеде — Абылай ханның портреті бейнеленді.
Бұл бетте 15 қараша – Ұлттық валюта күні тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
15 қараша – Ұлттық валюта күні материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі