Өлең, жыр, ақындар

Қонақтың міндеттері

1. Шақырылған жерге кешігіп те, ерте де бармау керек. Барарда біраз тамақтанып бару сүннет болып табылады.

2. Қонақтың жан-жағына қарамауы керек, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсірмеу керек. Үй иесінің рұқсатынсыз басқа қонаққа тағам ұсынып, сияпат көрсетпеу керек!

3. Дастархан басында әдепті болып отыру және бұл әдепті соңына дейін сақтауға тырысу керек. Расулуллаһ алейһиссалам жерге төселген дастархан басында кейде тізерлеп отыратын, кейде оң аяғын бүгіп сол аяғының үстіне отырып:

«Мен тамақтанған кезде жантаймаймын! Мен Аллаһтың құлымын, құл қалай отыратын болса, солай жеймін, солай отырамын.» — дейтін еді. (Бұхари)

Тамақ жеп жатқанда жантаю күнә емес. Басқалардың алдында ешбір себепсіз жантайып жату әдепке сай емес.

4. Әкелінген тамақтың кемшілігін іздемеу керек. Кемшілігі болса да айтпау керек.«Қонақтың әкелінген тамағын ұнатпауы оған жамандық ретінде жеткілікті». (Ибн Әбиддүния)

5. Қонақтың өзі қалаған нәрселерді сұрамауы керек, әкелінгендермен қанағаттануы керек. «Анау бар ма? Мынау бар ма?» деп әуреге салуға болмайды.

6. Үй иесі немесе сол жерде отырған басқа да қонақтар жақтырмайтын әрекеттер жасамау керек, жиіркенішті әрекеттер мен сөздерден ұзақ болу керек.

7. Діни сенім, саяси қөзқарастар әртүрлі болса да үй иесінің немесе сол жердегілерді ренжітетін сөздер айтпау керек.

8. Қажетті түрде сый-сияпат, тағам ұсынылмаған болса да, қонақтың үйден жақсы көңілмен және разы болғанын білдіретін сөздер айтып шығу керек!

9. Үй иесінің рұқсатынсыз немесе хабарынсыз үйден кетпеу керек! Сүйікті пайғамбарымыз осылай хабарсыз кетіп қалуды мүлдем дұрыс деп санамайтын еді.

10. Бірнеше күнге келген қонақтың үй иесіне ауыртпалық бермеу үшін қажеттілік болмаса үш күннен артық қалмауға, жүк болмауға тырысуы керек!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз