Өлең, жыр, ақындар

Бұлғарлардың славяндасуы

Ислам дінін алғаш қабылдаған түркі тектес халықтардың бірі бұлғарлар еді. Волга Бұлғарлары немесе болгарлар деп танылған тайпа жетінші ғасырда Қаратеңіздің солтүстігінен бастап батысқа қарай ілгерілеп, Дунай жағалауларымен қоса Волга және Кама жазықтарын жаулап Бұлғарстан тарихын бастаған. Волга бұлғарлары өз кезегінде Византияның басына үлкен дерт болған. 808-814 жылдар аралығында билік еткен бұлғар билеушісі Клан Курум Византия әскерін күйретеді. Жергілікті халықтың көбісінің христиан болуы және олармен де санасуға мәжбүр болған бұлғарлар уақыт өте келе христиандыққа бейімделіп, тілдерінен де, діндерінен ұзақтай бастайды. 865 жылы Византия империясына діни тұрғыдан тәуелді болып, христиан дінін қабылдайды. Византияның үгіттеуімен славяндардың жазуы кирилл алфавитін де ресми тіл және жазу ретінде қабылдайды. Бұл арада І Борис саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін батыс христиандарының көсемі Папамен де келісім жасау жолдарын іздестіреді және Сербтердің жұмсауын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарын да түбегейлі жоғалта береді.

Яғни, әрі діндерінен, әрі тілдерінен айрылады. Тілі мен дінінен айрылғаннан кейін, ұлттық құндылықтарынан алыстап славянданады. Бұлғарлар қазіргі таңда оңтүстік славян тілдеріне кіретін бұлғарша тілде сөйлейді. Бұл тілдерінің көне бұлғаршамен байланысы қалмаған. Бірен-саран түрікше сөздер кездеседі. Тілі мен дінінен айрылуы бұлғар халқын ислам және түрік дұшпаны халіне келтіреді. Бұлғарстан 516 жыл Османлы мемлекетінің қарамағында болды. Тарихшылар «Османлы мемлекеті жаулап алған елдердің халықтарының әдет-ғұрыптарына, тілдеріне де, діндеріне де араласқан емес. Өйткені Ислам құқығында адамдарды күштеп исламға кіргізу рұқсат емес. Осы тұрғыдан бұлғарлардың соңғы 6 ғасырда ұлттық мәдениетінің сақталуында Османлыға борыштар» деп айтуда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз