Өлең, жыр, ақындар

Айдос пен Құлтемір (көрініс)

Айдос пен Құлтемір

(Сахнаға ұл бала шығып,​ үнсіз пысылдап жылап отырады. Сахнаның сыртынан​ "Ертемір" мультфильмінің әуені естіледі.)

- Еһ, шіркін! Менің де ұялы телефоным болса ғой! Мен секілді жағдайы төмен отбасының балалары, қалай бақытты болып өзгеруге болатынын білуші едім! Шіркін...! Менің де анам басқа аналар секілді жүріп кетсе екен! Әкем бізге қайта оралса екен! Менде ең керемет киімдер мен оқу құралдары болса! Өз-өзімнен сабақты жақсы оқып кетсем ғой?! Сыныптастарым мені мазақтамаса ғой ешқашан! Барлығы менімен дос болса екен..! Ия, Алла! Маған да бақытты болуға мүмкіндік берші! Біреуді жіберші...! Ол менің досым әрі ғажайып кеңесшім болса екен!
​ ​(Дәл осы сәтте сахнаға Робот болып киінген адам шығады)
​​- Сәлем, балақай!
​- С- с-сәлем! Сен кі-кімсің?
​- Мен Құлтемірмін! Саған көмектесуге келдім!
​- Сен маған қалай көмектесесің?
​- Алдымен маған қиындықтарыңды айт?
​​- Ммм, әуелі​ анам жазылып кетсе екен!
​- Жақсы! Анаңа көмек береміз!
​- Екінші әдемі киімдерім болса екен?!
​- Осы қалада өзің секілді балалар тегін киінетін дүкен бар. Соған ертіп апарайын!
​- Алақай! Сабақты жақсы оқығым келеді?
​- Күніге екеуіміз бірге сабақ оқитын боламыз!
​- Керемет! Бірақ... мені мектепте ешкім​ жақсы көрмейді! Маған мектеп сол үшін ұнамайды...
​- Мұңайма! Айнаға қарашы..? Шаш-тырнағың өсіп кеткен,​ киімдерің лас, үстің де кір! Мұндай​ баламен кім ойнайды? Қане, жуынып, тазаланып ал! Шашыңды алдыр! Сосын сені барлығы құрметтейтін болады!
​- Жарайды...!
​- Онда кеттік моншаға?!
​( Ынжық пен Робот кетеді.​ Басқа екі бала сахнаға шығады.)
​- Самат,​ сен байқадың ба? Ын.. ой жоқ, Айдос қалай өзгеріп кеткенін?!
​- Ия! Соңғы кездері ең үздік,​ ең ұқыпты,​ ең жақсы бала болып жүр! Барлығы соны сыйлап кетті...! Тіпті жақсы төбелесуді де үйреніп,​ өзін ұрғандардың сазайын берді емес пе?!
​- Оған кім көмектесті- деп ойлайсың?
​- Ол өзінің керемет досы барын айтып жүр! Есімі​ - Құлтемір екен!
​- Не..? Рас па? Шынымен Құлтемір ме? Қайдан алыпты?
​- Білмеймін.
​- Жүрші барып көрейік..?!
​(Екеуі кетеді.​ Сахнаға Ынжық пен Құлтемір шығып,​ сабақ оқып отырады. Осы кезде сахнаға қайта достары шығады.)
​-​ Айдос..?! Мынау кім? Шын робот.. ой Құлтемір ме?
​- Сәлем достар! Ия, бұл менің ең жақсы досым! Ол маған үнемі көмектеседі!
​- Сөйлей ме?
​- Жүре ала ма?
​- Әрине! Оның қолынан барлығы келеді.​ Қане, досым! Маған қалай сабақ үйрететініңді көрсетші...
Құлтемір:
​- Сәлем балақайлар! Сендер Айдосты бөліп,​ онымен дос болмай қойған соң, мен оның досы болдым! Мен қазір көбейту кестесін сұраймын? Кім жылдам айта алады? Мен шатастырып сұраймын..
​- Марат,​ сен айтшы..
​-​ Жақсы!
​- 7×8=?
​- 56!
​- 8×9=?
​- 72
​- 6×8=?
​- 46
​- 48!
ұлтемір:
​- Жарайсың Марат! Бірақ соңғы жауабың қате болды! Сендер қандай пәннен қиналып жүрсіңдер?
​- Ағылшын,​ орыс тілі,​ математика!
​- Онда күніге бізбен бірге сабақ оқуға қалай қарайсыңдар?
​-​ Әлбетте,​ қуана-қуана оқимыз!
​- Жақсы! Тек менің бір шартым бар?
​- Күніге он жақсылық жасасаңдар ғана мен сендермен дос боламын?!
​- Қалай?
​- Мысалы,​ достарыңа күлімдеп амандасасыңдар! Тақтаны кезекші болмасаңдар да сүртесіңдер! Қыздарды сыйлайсыңдар! Ұстазды тыңдайсыңдар! Қағаз лақтырмайсыңдар! Ешкімге жаман сөз айтпайсыңдар! Мазақтамайсыңдар! Артық бәліш алсаңдар, Айдоспен бөлісесіңдер! Сабақты өте жақсы оқисыңдар! Менің айтқандарымды мүлтіксіз орындайсыңдар! Қалай? Уәде бересіңдер ме?
​- Әрине! Міндетті түрде орындауға тырысамыз...! Тек сен​ кетіп қалмасаң болды?!
​- Егер менің достарым мені тыңдаса,​ мен ешқайда да кетпеймін! Ал, қазір алдымызға мақсат қояйық! Самат, сен өскенде еліңе қандай пайда келтіресің?
​-​ Мм білмеймін..
​- Саған қандай мамандық ұнайды?
​-​ Маған инженер-техник болған ұнайды!
​- Онда мен саған робототехника сабағын үйретемін! Болашақта сен мен секілді көптеген роботтар жасап, Айдос секілді досы жоқ балаларға тегін тарататын боласың!
​- Керемет! Мен аспаз-робот, мұғалім-робот және үй жинап, тамақ істейтін робот ойлап табатын боламын!
​Құлтемір:
​-​ Марат, сен ше?
​-​ Мен тіс дәрігері болғым келеді.
​Менің атам мен әжемнің тістері жоқ! Мен ол кісілерге керемет қатты тіс жасап беретін боламын!
​- Жарайсың Марат! Арманыңа жет! Ал мен Айдостың арманын білемін...!
​- Қандай арман? Айдос, құпия болмаса айтшы...?
​-​ Мен Мейірім үйін саламын! Ол өте үлкен болады! Ол жерде жалғызбасты қариялар мен жетім балалар,​ үйсіз жас аналар,​ көмекке мұқтаж адамдар тұратын болады! Мен оларды ыңғайлы әрі жеңіл жұмыспен қамтимын! Айлықтарының он пайызын үй шығынына ұстап, басқасын түгел төлеймін! Өзім табиғи таза өнімдер өндіріп, халыққа адал ас сататын боламын! Бастысы анашым жазылса болғаны...!
​Құлтемір:
​-​ Ал мен сендерге көмектесіп, үнемі қолдау білдіретін боламын! Ел ертеңі​ - білімді ұрпақта! Ендеше жүріңдер барлығымыз бірге сабақ оқиық!
​(Балалар сахнадан кетеді)

05.01.2020


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз