Рамазан мен Райяна тәттіні өте қатты жақсы көреді. Әкесі базарда жүргенде уатсап арқылы өтініш хат жолдап:
— Әке, ассалаумағалейкум! Вафли, пряник, кәмпит, шоколад ала келесіз бе? — дейді Рамазан.
— Сағыз бен чуппа-чупс та ала келіңіз! — деп қосып қояды қарындасы Райяна. Анасы кейде:
— Бұлай өтініш жасағанды қойыңдар. Онсыз да тістерің ауырып жүр. Әлде тіс дәрігерінің не айтқанын ұмытып қалдыңдар ма? - деп ескерту жасағанына мән бермейді... Одан қалды анасының планшетіне таласып, бірі ойын ойнауға, бірі қуыршақтар жайлы вайндар көруге кірісіп кетеді. Сабақтың да "онлайн" болғаны мұндай жақсы болар ма?! Түске дейін ғаламторға армансыз кіре алады. Тек анасы сабақтарын тексере бастағанда "қиын болып жатыр" — деп, түрлі сылтаулар айта бастайды.
Кешке әкесі неше түрлі тәттілер алып келді. Екеуі қуана айқайлап, кәмпитке енді қол сала бастап еді... анасы барлық тәттілерді жинап алып, шкафқа салып, кілттеп қойды. Сосын екеуіне қарап:
— Бұдан былай кім күніге он бет кітап оқып, екі бет көркем жазу жазып, сабақтарын беске оқиды, тек сол бала ғана тәтті жейді — деді. Ағалы-қарындастар үндемей қалды. Аналарының мінезін біледі. Артық дау-дамай тәттіден қағуы мүмкін. Үнсіз ғана қолдарына кітаптарын алып, жылдамдата оқуға кірісіп кетті.
Содан бері үш ай өтті.. Екеуі де үздіктер қатарында! Планшеттен тек пайдалы нәрселер ғана көреді. Аналары алдын-ала не көретіндерін, неше минут көруге болатындығын ескертіп отырады. Тәртіпке бағынбаған ағасы кәмпиттен қағылғанда, қарындасы анасына көрсетпей өз тәттілерінен бөліп берген. Бірақ ағасы алмады. "Қыздардың тапқан табысынан, ер-азамат бірнәрсе алғаны.. ұят" — деді.
Жазғы демалыс басталысымен Рамазан "ақпараттық бизнес" саласын үйрене бастады. Интернет маркетолог болып, копирайтинг, оффер жазуды үйреніп алды. Бұйыртса анасына көмектесіп, әкесінің бизнесін дамытуға кіріспек. Ал ар жағы армансыз тәтті алуға жететін мол қаражат табу. Жоооқ, тәтті қажет емес! Одан да "электронды самокат" аламын - деп армандап кетеді. Әлде.. қарындасына қуыршаққа арналған үйшік әпере ме..?! Мейлі, алдымен бизнесімді бастайыншы. Сосын барлық армандаған заттарымды аламын! — деп жүр кішкене жігіт.
Гүлмекен Қасенбай
01.04.2021
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі