(Түсінік ретінде)
«Еңбекші Қазақтың» 19-ноябрьде шыққан 457 номерінде менің «Совпарттағы қарындасыма (Гүлбарамға)» деген өлеңім басылды. Оны оқыған жұртқа өлеңнің қандай мәңді екенін бұл арада тағы да айтып өтудің қажеті жоқ.
Өлеңнің соңында басқарма өлеңдегі айтылған пікір туралы өз пікірін жазыпты.
Менің ойымша, басқарма өлеңнің ішіндегі пікірін, мәнін ауа түсінген тәрізді. Қателеу түсінген тәрізді. Басқарма айтады: «Сәкеннің өзгелері дұрыс, Бірақ шашынды «не қылса да» ұзын қыл, үйтпесең «діннен» шығарсың». «Ел үркеді» дегеніне қол қоймаймыз. «Шашынды шұбалтып жүрсең ғана көркейесің деген пікір коммунистер салтында жоқ. Біреу ұзын шашты жаратады. Біреу қысқа шашты жаратады. Бұл әркімнің өз тілеуінше болатын нәрсе ғой. Шаш ұзын, не қысқа болсын деп заңдауға болмайды — мұны коммунист ақынымыз да ескеру керек еді» дейді. Өлеңнің негізгі пікірін басқарма қатерек түсінген тәрізді. Әрине, мен «шашынды қырықпасаң ғана дұрыс болғаның» деген пікірді айтпаймын. Гәп тек шашта ғана деп отырғаным жоқ. «Құр сыртыңды ғана өзгертіп, өнер-білімнен бос қалып жүрме» деген пікірді айтам.
Жаңармасын демеймін
Сыртқы көрнек түріңді.
Жаңарт, Бірақ бірдей қыл
Сырт пен ішкі сырыңды —
деген сөз түсінікті емес пе?
Өлеңге оқушылар қате түсініп жүрмесін. «Шаштың оралып, аш белге бұралып, тоқпақтай болып түсіп жатуы» көркейтеді деп кесіп-пішу жарамайды дегеміз!»
1926 жыл
Газет редакциясы осыған мынадай ескерту жасапты: «Сәкеннің сыртыңды өзгертіп әуреленбе, өнер-білімнен бос қалма дегеніне дені дұрыс кісі қарсы болмас. Мұнысына басқарма түгелімен қосылады. Бірақ, біздің оқушыларға ескерткеніміз Сәкеннің:
Қырғауылды көркейткен
Батсайы жүн өрнегі.
Көркейтпей ме сені де
Жібек шашың оралған,
Түскен асыл тоқпақтай,
Аш беліңнен бұралған... —
дегені ғой!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі