Шолпан 1926 жыл, 18-сентябрьде Ақмола уезінде «Майбалық» деген көлдің жағасында ауылда 23 жасында өлді. Әкесі сол «Майбалық» келінің жағасын мекен еткен, Имамбай деген бір момын, нашар адам еді.
Шолпан өзінің қысқа өмірінің ішінде қазақ әйелінің бұрынғы үйреншікті кемшіліктерін басынан кешірген. Шолпан бала күнінде Ақмола уезіне қараған Темеш деген елдегі Алдоңғар деген байдың Бөкей деген ұлына айттырылады.
«Қалыңмал» беріп,
Өмірің өтсін зарығудан.
Адаспас сапар жөндікі,
Таусылмас дұға кендікі.
Атам арғын — халық ағасы,
Тамам Алаш жиналса,
Қадірлі орын менікі.
Ниетім қалыс, көңілім ақ,
Келемеж-мазақ сенікі,
Қостарыңа келіп ем,
Сыртыма келіп қонған соң,
Бейбастақ надан мазақшыл,
Ниеті жаман болған соң.
Адамды адам көрмеген,
Адамша дәм бермеген,
Кергенсіз өскен мырзалар
Былшылдарың ненікі?..
Дәм айдан келдім қосыңа,
Көрсеткен сиың осы ма?
Сенен көрген сиымды,
Арғын, найман бас қосса
Айтармын талай досыма.
Сұрамасаң да айтайын, —
Менің атым Мүсіреп,
Қылсаңдар ізет болмай ма.
Келген соң, қосқа тусырып?
Шабылсын деп келмеп ем.
Ет асып, шай ішіріп.
Мезірет қылсаң болмай ма?
Адамға адам кішіріп?..
Ақ батамды бермес пе ем,
Дұғамды қарсы түсіріп?..
Азғантай күн атқа мініп
Бекентайың дарқан болған.
Шонайың жұртқа қалқан болған.
Бейбастықтын мінезімен.
Жаза тапқан - кінә өзінен.
Ақырында соларың талқан болған.
Келемежге бас қойдың...
Жемесін деп ас қойдың.
Ұқсамас ісің қазаққа,
Келгеннен қойдың мазаққа.
«Сыйға сый» деген аңыз бар
Сыйыңа батам осы-ақ та.
Қысқартайын осылай
Кетпесін сөзім ұзаққа, —
депті.
Қалашылар Мүсірепті қондырып, қонағасы беріп, ат-шапан айып берген екен деседі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі