«Біздің тұрмыс»
Былтырдан бері «Біздің тұрмыс» атты бір роман жазған болып жүрмін. Бірақ, оны әлі де қадағалап отырып жазғаным жоқ. Бұл романды 3 түрлі ортамен байланыстырып, сол 3 түрлі ортаның тұрмысын (дұрыс жағын да, теріс жағын да) жазбақпын: оным: қала, колхоз, зауыт. Әрине, бұл 3 ортадағы қоғамның барлық қыртыстарының тұрмыстарын түгел суреттей алам деп ойламаймын. Әйткенмен, тұрмыстары баяндалатын адамдарым қала, колхоз, зауыт болмыстарымен байланысады.
«Қызыл ат»
«Қызыл ат» жазылып, баспасөзде жарияланды да. Бірақ оның соңғы бөлімі түгел жазылып жарияланған жоқ. Енді «Қызыл аттың» сол соңғы бөлімін түгелдеп шығармақпын.
«Қызыл аттағы» зор мақсатым:
1) Өлкелік партия комитетінің (Крайкомның) жаңа басшылығының дұрыс Лениншіл жолбасшылығын еңбекші жұртқа көркем сөз арқылы жар қылу.
2) Қазақстанның өміріндегі көлік ретінде ең қиын халде болған 1933-жылғы жазғы егіске еңбекші таптың бар күшін қызу түрде жұмсауға шақыру еді.
3) Сол 1933-жылғы күш-көлік ретінде күйсіз қалға келтірген тек ескі басшылықтың ғана қате жол басшылығы екенін көрсету еді.
«Альбатрос»
«Альбатростың» бірінші бөлімі жаңада ғана баспадан келді. Кішкентай кітапша 14 айда түптеусіз басылып шықты. 1932 жылы Октябрь мейрамына арналған еді. Сол, 1932 жылғы Октябрь мейрамына қарсы шығарамыз деп Қазақ баспасы асықтырып алып еді. Соны 14 айдан кейін шығарды. Енді сол «Альбатростың» 2- ші бөлімін даярламақпын.
Міне, әзірше, осы 3 нәрсені айтсам. Басқасы тағы да бола жатар.
1934 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі