Еңбекші елдің ұраны да Ленин.
Жолбасшысы, құраны да Ленин.
Адамзаттың тарихында бұрынғы өткен пайғамбарлардан, данышпандардан, ерлерден иығы асып туған арыстан, жер үстіндегі жалпы еңбекшіл таптың жолбасшысы Ленин жолдас еді.
Жалпы жер жүзіндегі түрлі заңды сансыз халықтардың ішінде Ленинді білмейтін халық жоқ еді. Жер жүзіндегі барлық әлем Лениннің есімімен жалпы еңбекшіл таптың азаттығы, жалпы адамзаттың теңдігі байланысты екенін білуші еді. Жер жүзіндегі жалпы еңбекшіл таптың азаттығы, бақыты үшін ашылған әм ашылмақ қанды майдандармен Лениннің есімі байланысты екенін әм сол майдандардың қызыл туы, қаһарманы Ленин екенін жер жүзі біліп еді.
Адам баласының тарихында болмаған 1917 жылғы Октябрь революциясының Ленин басында болғанын барлық әлем көзімен көріп еді. Бұл Луссия революцияда Марксті ғылымын, Марксті қағидаларын ғаламға жайып, түрлі тәсілмен, түрлі саясатпен іске асырған Ленин еді. Жер жүзінде тарихта болмаған еңбекшілдер үкіметін жасап, ол үкіметті қалың жау қамағанда дұшпандарды жеңіп, бетін қайтарып, еңбекшіл таптың үкіметін, революциясын тap жол тайғақ кешулерден аман алып өткен Ленин еді. Күллі жер жүзіндегі халықтардың өз беттерімен тіршілік қылып жүрген еңбекшілеріне әм алдауыш социалшылдардың соңынан еріп жүрген еңбекшілеріне ең бірінші теңдікке жетуге тура жол көрсетіп, ту көтеріп, жарлылар ұранын салған Ленин еді.
Жер-дүниені күңірентіп салған ұранымен жалпы еңбекшіл тапты бір тудың астына бірлестіре бастаған әм оларды рухтандырып, жігерлендіріп, рақымсыз жауға қарсы шығарған Ленин еді.
Жер жүзіндегі байларды қаһарлы даусымен ең бірінші қалтыратып шошытқан Ленин еді. Жалпы адам баласының шын теңдігі, шын бақыты үшін қызыл туды қолға алып, сертті майданға шығып, салған ұранын ең бірінші іс жүзінде көрсеткен Ленин еді.
Сөйлесе шешен тілі бар,
Жарыста көсем, жетіп ал.
Қайратты, жігерлі арыстан,
Түпсіз терең данышпан
Ленин еді!
Міне, сол Ленин өлді. Лениндей ерді енді тарих ғасырларда ғана туғызар.
Барлық әлемге қанатын жайған, барлық әлемнің еңбекшіл табының жолбасшысы болып отырған Коммунист партиясын жасаушы, оны бастаушы, оны үйретуші, тәрбиелеуші және Кеңес үкіметін жасап, оны бастаушы әм жер жүзіндегі жалпы еңбекшіл тапты байлар тобымен әм олардың үкіметтерімен ашық майданға шақырушы Ленин еді. Міне, сол Ленин өлді.
Ленин өлді. Бірақ оның салып кеткен жолы, қалдырып кеткен тәсілдері, тәжірибелері, қалдырып кеткен қағида-жобалары әм айтып кеткен сөздері өлген жоқ. Ленин өлді. Езілген елді бақытқа жеткізетін, Лениннің артта қалған шәкірттерінің міндеті Лениннің өсиетін орындап, оның салып кеткен жолынан, жобасынан адаспай, күшті қаттырақ біріктіріп, таяуырақ тізе қосып, Лениннің ұстаған қызыл туын ілгері апару, Ленин көздеген жалпы адамзаттың бақытына жету.
Еңбекшіл таптың ардақты, табылмас данышпаны, хош! Хош!
1924 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі