(Қазақстанның мекемелерінде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу хақында)
Қазақстанда қазағы көп жерлерде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек деп газет жүздерінде жаздық. Әм бұл туралы қай губернияда не қылып жатқаны «Еңбекші қазақ» газетінің жүзінде жазылып жатыр.
Бұл әр жерден келіп жатқан хабарларға қарағанда, қазақ тілін іске асыруға көп жерлерде іс басындағы жігіттердің көбі онша ынталы көрінбейді.
Әр түрлі себептер айтады. Ақша жоқ дейді. Қазақша іс жүргізуді білетін кісілер жоқ дейді әм толып жатқан сары уайым, қауіп-қатерлерді жаңбырдай жауғызады.
Әрине, ол белгілі. Ынтасыз іске, көңілсіз іске сансыз бөгет, сансыз уайым табуға болады. Бірақ біздің ай туымызша, бұл іске бөгеттің көптігі басқа себептерден. Себептің ең алды — іс басындағы адамдардың бұл іске шындап кіріскен ниеттерінің жоқтығы, ынталарының жоқтығы.
Шын ниет болса, екпінді ынта болса қазақ тілінің кеңселерде жүріп кетуіне шүбә жоқ. Оған дәлел — Қазақстанның заң комиссариатының бұл туралы көрсетіп отырған ісі.
Қазақстанның заң комиссариаты өзінің губерниялық мекемелеріне қазақ тілін тез қолдануға бұйрық қылған.
Қазір Қазақстанның ең зор губерниясы Семей губерниясын сот мекемелерінің бәрінде кеңсе істері тұтасымен қазақ тілінде күре бастаған әм қазақ тілінде жазылған губерниялық соттың қаулылары, қарарлары Орынбордағы заң комиссариатына келе бастады.
Және Ақмола губерниясында да сот мекемелерінің кеңсе істері қазақ тілінде жүре бастады деген хабар алынып отыр.
Оның үстіне заң комиссариатының коллегиясының (басқармасының) бір мүшесі қазір Торғай, Ырғыз, Ақтөбе жақтарында жүр әм ол жақтың да сот мекемелерінде кеңсе істері қазақ тіліне қойылып, жүріп кетер деуге болады.
Және қазір заң комиссариаты сот кеңселерінде жазылатын түрлі қаулы, қарар, билік, кесім, тексеру, анықтау әм басқа сондай қағидалардың бәрінің нұсқасын қазақша баспаға басып, Қазанның барлық губерниясына жіберейін деп жатыр. Міне, екпінді ынта болса, шын ниет болса, қандай болса да іс осындай бірте-бірте жүріп кетпек. Қазақстанның заң комиссариаты бұл істе өзге комиссариаттарға өрнек, үлгі болуға тиіс. Ал енді заң комиссариатына теңеліңдер!
19.09.1923 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі