Омбының орталық-фельдшерлік школында Ақмола облысының қазақтарына арнап патшалықтан ашылған 8 стипендия, Семей облысының қазақтарына 8 стипендия бар. (Барлығы 16 стипендия Ақмола мен Семей облысының қазақтарына). Бұл стипендиядан бұрынғы, алдыңғы һәм былтырғы жылдардан үш-ақ қазақ баласы оқып жүр. Қазақтың балалары аз келіп, жоғарғы айтқан қазақтың 16 стипендияның үшеуіне-ақ қазақ баласы түсіп, өзгесі бос тұрған соң Семей һәм Ақмола губернаторлары қазақ стипендиясына орыс балаларын алып қойыпты. Биыл қазақтан үш-төрт бала келіп, экзамен ұстап еді, оларға бұрынғы орыс балаларына арнаған .... стипендияға алмады. Сорлы қазақ балалары сүмірейіп елдеріне қайтып кетті. Біреуі өз қаражатымен оқып қалды. Келесі жылы Ақмола қазағына ма, Семейге ме, стипендия босайды бітіретін орыс балаларынан. Тағы да қазақ балалары құр қалмай ұмтылуы керек. Қазақ балаларының жасын көп біліңкіремейді. Экзамен тамызда болады. Бұл школадан қазақтан биыл семейлік Кәкішев деген жігіт бітіріп шығады.
«Айқап» №21.1923 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі