Алдымыздағы мамыр айының басында баспасөзді күшейту әм жетім балалардың тұрмысын жөндеуге кірісіп, жәрдем жинау шаралары істелейін деп жатыр. Бұл екі жұмыстың екеуі де — ең тығыз, ең зор, ең екпінді жұмыстар. Қаншама күшін салып, қаншама қолынан келген жәрдемін үкімет істегенмен, айтылған істер көңілдегідей толық жәрдем ала алатын емес.
Үкімет сыртқы әм ішкі соғыстардың түрлі зардабынан әлі кедей, мұны жұрт өзі де көріп отыр.
«Баспасөзді күшейту жұмысын» партия мекемелері басқармақ. Ал «жетім балаларға жәрдем көрсету жұмысын» басқарып, өткізетін халық ағарту мекемелері. Бұл айтылған екі орынның (партияның әм халық ағарту ісінің) мекемелері жер-жерлерге тиісті жобаларын жіберіп жатыр. Сол жобалармен жергілікті мекемелер бұл екі жұманы жақсылап өткізулері керек.
Бұл екі іске алдын ала даярланып көңілдегідей қып өткізуге Қазақстанның барлық мекемелері әм барлық жарлы табының азаматтары зор міндетті.
Қазақстанда қазақ тілінде шығатын баспасөздің жайын, Қазақстанда жетім балалардың күйі жұрттың бәріне қандай екені белгілі. Бұлар туралы қайта-қайта айтудың да, жазудың да көп қажеті жоқ.
Еңбекшіл табының азаматтары жұмылу керек. Бұл екі іс солардың міндеті.
25.04.1923 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі