Өлең, жыр, ақындар

Россияның Коммунистер партиясы 25-ке толды

14-наурызда Россияның Коммунистер партиясының құрылғанына 25 жыл толды.

1898 жылдың 14-наурызьг — Минск қаласында қазіргі жер-дүниеге құлашын артып, жер-дүниедегі барлық мәдениеті зор мемлекеттің бәріне жайылған Коммунист партиясының ең алғашқы негізі, іргесі салынған күн.

Сол 1898 жылдың 14-наурыз күні ең алғашқы жиналған 12 кісі Коммунист партиясының ең алғашқы жобасын тізу туралы һәм патша үкіметімен күресудің тәсілдері туралы сөз ашты. Қазір оған 25 жыл өтті. Енді сол 25 жылдың ішінде Коммунист партиясы ержетіп, күллі дүниеге құлаштап қанатын жайды.

Күллі жер-дүниені жарлы табы саясына алды. Бұл 25 мүшелі толғанын Коммунист партиясы жариялап, өткен өмірінде қандай жолмен жүріп, қандай өткелдерден өткенін, қандай хал дерді басынан кешіріп өткізгенін есіне салып өтпек һәм бұл 25 жылдық өмірінің дәнімен жалпы жарлы табын таныстырып өтпек.

Бұл туралы партияның орталық жоғарғы мекемелері жер-жерлердегі партия мекемелеріне нұсқау берді.

25 жасқа толған тарихи күнін жақсылап өткізуге партия мекемелері дайындалуы керек.

1923 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз