Орысша «Интернационал» деген сөзді Қазақстанның оқу білімін басқаратын орталық мекемесі қатеден «бейбауырмалдық» деп қазақша аударып жіберіпті. Әм сол сөз қолданылып, кейбір кітаптарға да жазылып кетіпті. Бұл қатені жұрттың есіне саламыз.
«Бейбауырмалдық» «тасбауырлық» деген сөзбен бір мағынада жүреді. «Интернационалист» — «тасбауыр» емес, әр түрлі ұлттың бәрін бірдей сүюші. Жалпы бауырмашыл адам болады.
«Националист» деген сөз қазақша: «ұлтшыл» деген сөз. Жалғыз-ақ өз ұлтын ғана сүюші, өз ұлтын өзге ұлттардан артық көруші деген мағынаға жүреді.
Ал «интернационалист» деген сөз күллі жер үстіндегі ұлттардың бәрін бірдей сүюші, бәрін бірдей көруші деген мағынаға жүреді. Міне, сол себепті:
«Интернационал» деген сөзді «жалпы ұлттар» деу керек. «Интернационалист» деген сөз — «жалпы ұлттаршыл», яки «ұлттаршыл» деген сөз.
Міне, осыны қолдану керек.
1923 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі